Қошқарбаев емес: ресейлік БАҚ Рейхстагқа ту тіккендерге қатысты жалған ақпарат берген

Жаңалықтар
view 123
news

Фото ашық дереккөз

Ресейлік БАҚ-тар Рейхстагқа ту тіккендерге қатысты жалған ақпарат берген. Бұл туралы қазақстандық журналист Майя Бекбаева мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

— Жеңіс күні қарсаңында ресейлік БАҚ Рейхстагқа Жеңіс туының тігілгені жөнінде шындыққа жанаспайтын ақпарат таратып жатқанын байқаймын. Алайда архивтік құжаттар мен куәгерлердің деректері бұл туды Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов тіккенін нақты дәлелдеген. Бұл ерлікті жасағандар — Егоров пен Кантария емес, — деп еске салды тележүргізуші.

Тележүргізуші дәлел ретінде ол өз жазбасына архивтік бейнематериалдарды қоса тіркеді.

Рейхстагқа жеңіс туының тігілуі — екінші дүниежүзілік соғыстағы маңызды символдық сәттердің бірі. Бұл оқиға 1945 жылдың 30 сәуірінде Германия астанасы Берлинде болған. Кеңес армиясы Рейхстаг ғимаратына шабуыл жасап, оны басып алғаннан кейін Кеңес Одағының туын (қызыл туды) ғимараттың төбесіне тіккен. Бұл сәт Германияның жеңілгенін және Кеңес Одағының жеңісін білдіретін тарихи символға айналды.

Көптеген қазақстандықтар мен бірқатар тарихшылардың айтуынша, Рейхстагқа алғаш болып ту тіккендер — Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов. Олар 30 сәуір күні сағат 14:25 шамасында ғимаратқа жетіп, баспалдақтармен жоғары көтеріліп, Қызыл туды ғимараттың кіреберісіне тіккен. Бұл әрекет олардың өмірін қатерге тіккен ерлігі болды. Олардың бұл ерлігі туралы 1945 жылы-ақ арнайы акт толтырылып, әскери басшылыққа берілген.

Алайда сол кездің саяси жағдайларына байланысты бұл ерлікті ресми түрде көпшілікке жария етпей, көп ұзамай басқа нұсқа кеңінен таралды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *