Ахметбек Нұрсила Елдос Сметовтың жеңісіне қуанғандарды сынға алды

Жаңалықтар
view 10528
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Елдос Сметовтің жеңісіне қуанған қазаққа шүйлікті, деп хабаарлайды janabastau.kz.

Ол Абай атамыздың сөзін мысалға келтіріп, желіде жазба жариялады.

«Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады

Қазір "Өтірік көлгірсімеші ей, хайп үшін жазып отырсың" деген комменттерден көз аша алмайтынымды білемін.  Олимпиада деген нәрсе болайын деп жатқанан осы ФБ да "Рыбакина олимиядаға бармады, қазақтың туын менсінбеді" деген мақаладан содан кейін "Олимпиада ашылуы нашар болды" деген тағы бір мақаладан көзім шалып қалып " Халықтың ақшасын шашу фестифалі басталайын деп жатыр екен ғой" деп қойғам Бүгін достардың чатынан "Ельдос чемпион" деген (дәл осылай жұмсақ белгімен жазылған) жазбаны оқып қалдым. Бірден Абай жарықтықтың балуан мен бәйге жайлы сөзі есіме түсті.

"Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе,күреске түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады.

Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Әй, жоқ та шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар?

Жүйрік ат - кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе, қыран құс та, жүйрік ит те - кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нәрсе.

Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бәрін адам өз өнеріменен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді.

Соның бәрін де біле тұра, жерге кіргендей болып я бір арамдығы, жамандығы шыққандай несіне ұялып, қорланады екен?

Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады һәм және қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды.

Мұның бәрі - надандық, ақымақтықтың әсері.

Бұларын айтсаң, кейбіреуі «рас, рас» деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді, - деп жазды ол.

Пікірлер (20)

  • Руслан

    Мына шегіртке тағы не деп жатыр

  • Мәлік

    Ішің күйсе тұз жала , Жалғыз өзің көпке топырақ шашпа дер едім. Біздің қазаққа өлген Батыраштың керегі жоқ тірі Нұрсилалар жүргннде . Неге қуанбасқа жеңіп жатса , көк туымызды желбіретіп ән ұранымызды шырқатып жатса . Өз басым қатты шын ниетпен қуандым . Жеңісті күндерің еөп болсын Елдос !!!

  • Зангар

    Брат не шегип алгансын, айтшы бизде шегип алайык. Нормально киси ма десем . Бирнасени куып кеттин

  • Ермее

    Қырық адам бір жақ, Қыңыр адам бір жақ

  • Шолпан

    Қуанамыз әрине, бірақ тым дарақыланбау керек қой! Бұл ойын, бұдан басқа прблемамыз жоқтай екіленіп не керек! Мұсылман адам ренжігенде де, қуанғанда да өзін ұстай білуі керек!

  • Бек

    Жеңісі қуанарлық. Сақал қойып сәләпиттермен бірге жүргені жиіркенішті.

  • ҚАЙРАТ.

    Қуаныш ты сәт.Қуану керек.

  • Роза

    қызғаныш қой өзімде жоқ көтен боғымен піссін деген ата бабамыз неге қуанбаймыз бір баламыз алтын алса қуанып бір бірімізден шүйінші сұрап жатырмыз.

  • Раушан

    Осы Нұрсилаларың түсініксіз бірдеңелерді көп сандырақтайды 🙄😩😁 НЕГЕ ҚУАНЫШТЫ ХАБАРҒА ҚУАНБАСҚА💥🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿💥✅‼️‼️‼️👍🏻👍🏻👍🏻 ҰЛЫ АБАЙДЫҢ СӨЗІНІҢ ДӘЛ ОСЫ ЖЕРДЕ ҚОЛДАҒАНЫ ДҰРЫС ЕМЕС🙄😳 ШЫН ҚУАНЫШҚА ҚУАНА БІЛЕЙІКТЕ 💥💐❤️🇰🇿👍🏻‼️

  • Бақыт

    Неге қуанбасқа қазақтың туын көккекөтердіғой бұл кісі не айтқысы келді түсінбедік ойыңызды ашық айтыңызшы

  • Қазақ елін бүкіл əлемге танытып жатыр,бұл өте қуанарлық жағдай.

  • Руслан

    Әр кәлләдә бір қиял.

  • Рахия

    Қандай еңбекпен келіп жатқан жеңіске қалай қуанбау керек.

  • Қадиша

    Қуану керек, өз еңбегімен жеңіске жетіп жатыр ғой, қуанамын.

  • Улбупе

    Әрине әр қазақ қуанады ғой спортшының жеңіске қол жеткізген үшін !!!

  • Өмір

    Ақтауға да даттауға да қазақтың сөздік қоры жетіп артылад, Қуану да адам ырқына көнбейтін жүректен шығатын бір сезім. Демек біреу айтты екен деп сезімді бөгеудің қажеті жоқ.

  • Ибрахим

    Ойыңда не барын білмедім,бірақ бұл қуанарлық жәйт

  • Балзия

    Төрт жылда бір болатын Олимпиадада влтын алғанда енді қашан қуанамыз. Немене, енді,қазақ жеңіске де қуана алмайма? Абай атамыз айтқан кезде қазақ Олимпиадаға барған жоқ еді ғой...

  • Бірі жеңіліп бірі жеңген нәрсеге қуанып не болмаса күйінбесе онда ол тірі өлікпен тең.

  • Бұндай жеңістерге тек қазақ қана қуана ма? Басқа халықтар да өз жеңістеріне қуана ма.

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *