«Төрт рет үйлендім, ұлдарымның өлімін өзімнен көремін». Асанәлі Әшімовтің көзі тірісінде айтқандары

Жаңалықтар
view 535
news

© МКФ "Евразия"

Асанәлі Әшімов кинорежиссер Шәкен Аймановтың қызы, опера әншісі Майра Аймановамен 35 жыл некеде болған, Майра Шәкенқызы 1993 жылы дүниеден өтті. Екеуі студент кезінде отбасын құрған. Алғашқы жары жайлы Әшімов «Құдай Майраны мен үшін жаратқан» деп айтады. Екеуінің шаңырағында Мәди мен Сағи есімді екі ұл дүниеге келген, деп жазды БАҚ. 

Көзі тірісінде 1993 жылы жұбайынан, ал 1999 жылы қос ұлынан айырылды.

Жұбайынан, артынан Сағи мен Мәдиінен айырылған Әшімов бұл сынақтан өткеніме «өзім де таңғаламын» деген болатын.

«Өзім де таңғаламын. Кітап жаздым, оны роман етейін деп жазғаным жоқ. Майрамен (бірінші жұбайы) әңгімелесейін деп жаздым. Екіншісі – «Жан бөлек» деп балаларға арнап жаздым. Үйде есікті іліп алып, айқайлаған кезім болды. Тауға шығып алып, Майра деп айқайлайтынмын. Сондай әрекеттермен аман қалдық. Ауырдық, ауруханаға түстік. Жан бөлек болғаннан кейін, тірі адам тіршілігін жасайды екен. Қазір екінші өмір басталғандай. Адам тірі жүрсе, бәрін көре береді екенсің. Өмірім біркелкі өткен жоқ, жақсылық та, жамандық та болды», – деген еді Асанәлі Әшімов.

Актер өмірде тіл мен көздің барына сенеді. Екі ұлының қатарынан кетуін Әшімов дәл осымен байланыстырады.

«Тіл-көзге сенемін, тіпті көз жеткіздік десем болады. Менің жанұяма тіл тиді деп жаздым да. Екеуінің еш себепсіз қатар кетуінен солай ойладым», – дейді актер.

Әшімов ұлы Мәдидің соңғы демі шығарда жанында болған. Сонда ұлына қарап, өзінің қаншалықты шарасыз екенін түсінген. Кеңес заманында Құдайдың жоқ екеніне сеніп өскен актер ұлдары қайтыс болған соң, ойының өзгергенін атап өтті.

Ал актердің екінші жарының есімі – Гүлсім. Екеуінің 1980 жылы туған Олжас есімді ұлы бар. Майра Айманова дүниеден өткен соң екеуі шаңырақ көтергенімен, некесі ұзаққа бармады.

Актердің үшінші жарының есімі – Маржан, 1999 жылы екеуінің Сағина есімді қызы дүниеге келді. Екі жыл некеден кейін ажырасып кетті.

Асанәлі Әшімовтің төртінші жары — өзін емдеген Бағдат есімді дәрігер. Ол актерден 34 жасқа кіші. Екеуі 2002 жылы шаңырақ көтерді, 2008 жылы екеуінің Асанәлі есімді ұлы дүниеге келді.

«Мәди – үлкен баласы, тұйықтау болған. Ол панкреатит болып, отадан кейін оңала алмай 4 ай ауруханада жатып көз жұмған. Асанәлі ағаларың «көз алдымда солғанда қолымнан еш шара келмеді» деп қиналады. Бұл кісінің де жанына бататыны да сол – бір жылда екі баласынан айырылып қалуы. Жылдың басы қаңтар айында Мәдидің, ал сол жылдың қараша айында Сағидың өмірден өтуі есеңгіретіп жіберген. Сағидің бұрынан жүрегі ауыратын. Сол күні өзі отбасы жанұясы бола тұра келіп апаның жанына жатады. Содан оянбаған. Осы уақытқа дейін неге емделмеді, неге айтпады – жұмбақ. Ақкөңіл бала айтпай жүре берген, кейін қайтқаннан кейін бір кездері инсульт алғанын анықтадық. Мәдидың ауруханада төрт ай жатқанын, жағдайының жақсармағанын көріп, Асекең өзін іштей дайындаған болуы керек. Ал Сағидан бір түнде айырылып қалғанда, «табаным астындағы жерді сезбей қалдым» дегені бар. Асанәлі ағаларың іші өксікке толып, күйік кернеп кеткенде Теренқұрмен жоғары шығып, тау жаққа айқайлап—айқалап келеді екен», – дейді төртінші жары Бағдат Әшімова.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *