Айнагүл Көңбайқызы Қосшы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Фотосурет janabastau.kz
Айнагүл Көңбайқызы Қосшы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімін басқарған, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Айнагүл Көңбайқызы 1982 жылы дүниеге келген. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысының Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бастаған.
2013–2017 жылдары Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
2021 жылғы 24 қыркүйекте Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2022 жылы «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Айнагүл Көңбайқызының мемлекеттік басқару саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Әр жылдары жергілікті атқарушы билік, ішкі саясат, мәдениет және қоғамдық даму бағыттарында қызмет атқарған.
Қосшы қаласы әкімінің орынбасары ретіндегі жаңа қызметі оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі еңбек жолының келесі кезеңі болмақ.
«Jańa Bastau» газетінің редакциясы Айнагүл Көңбайқызын жаңа қызметімен құттықтап, жауапты жұмысына табыс, игі бастамаларына сәттілік тілейді! Қаланың дамуы мен тұрғындардың игілігі жолындағы еңбегі жемісті болсын!
Пікірлер (0)