Таза Қазақстан – жасыл болашаққа бастар жол
Фото
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қосшы қаласында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Игі бастамаға қала әкімдігі, прокуратура, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мен белсенді жастар қатысып, қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қаланың жасыл желегін көбейту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қатысушылар ағаш көшеттерін отырғызу арқылы туған қаланың көркеюіне атсалысты.
Шараға қатысушылардың бірі бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып өтті.
«Ағаш отырғызу – жай ғана көшет егу емес, бұл – болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлық. Әрбір отырғызылған ағаш қаламыздың ауасын тазартып, көркін арттыруға септігін тигізеді. Осындай игі істерге тұрғындардың, әсіресе жастардың белсенді қатысқаны маңызды. Табиғатты қорғау әрқайсымыздың күнделікті міндетімізге айналуы керек», – дейді ол.
Расында, қоршаған ортаның тазалығы мен табиғатты қорғау – баршаға ортақ жауапкершілік. Бүгін егілген әрбір көшет ертең жайқалған ағашқа айналып, қаланың көркін ашады. Сондықтан туған жерді көгалдандыру мен табиғатты аялау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табуы тиіс.
«Таза Қазақстан» – бір реттік акция емес, қоршаған ортаға деген жанашырлықты қалыптастыратын ортақ қозғалыс.
Пікірлер (0)