Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі
Фото: Ресми дереккөзден
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Қосшы қаласының жастары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қала тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтық жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар заңға құрметпен қарау мен қауіпсіз ортаны қалыптастыру әрбір азаматтың белсенді ұстанымына байланысты екені атап өтілді.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, қоғамда заңға деген құрметті нығайтуға ықпал етеді. Әсіресе жастардың осындай бастамаларға қатысуы олардың азаматтық көзқарасын қалыптастырып, қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді.
Іс-шараға қатысқан жастардың бірі өз пікірін білдіріп, құқықтық сауаттылықтың күнделікті өмірдегі маңыздылығына тоқталды.
«Менің ойымша, заң мен тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, ол – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Әр адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын құрметтесе, қоғамда көптеген келеңсіздіктің алдын алуға болады. Осындай түсіндіру жұмыстары тұрғындардың құқықтық білімін арттырып, жастарды жауапкершілікке тәрбиелейді деп ойлаймын», – деді іс-шара қатысушысы.
Қауіпсіз қала қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, айналадағы адамдардың құқығына құрметпен қарау және азаматтық жауапкершілікті сезіну әрбір тұрғынның күнделікті өмірлік ұстанымына айналуы тиіс.
Қосшы жастарының бұл бастамасы қоғамда құқықтық мәдениетті нығайтуға және қауіпсіздік мәселесіне деген ортақ жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Саналы ұрпақ – қауіпсіз қоғамның кепілі.
Пікірлер (0)