«Шеберлер ауылы» – қолөнер туындыларының көрмесі

Жаңалықтар
view 28
news

Фото

Сайлау күні Қорғалжын ауданындағы №761 сайлау учаскесінде жергілікті қолөнер шеберлерінің шығармашылығын көпшілікке таныстыру мақсатында «Шеберлер ауылы» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде аудан шеберлерінің қолынан шыққан түрлі бұйымдар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары мен ұлттық нақыштағы шығармашылық жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір туынды шеберлердің талғамын, ізденісін, еңбекқорлығы мен өнерге деген сүйіспеншілігін айшықтайды.
«Шеберлер ауылы» – жергілікті өнерді дәріптеп, қолөнердің қадірін арттыруға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және шығармашылық адамдарын қолдауға бағытталған көрнекі алаң.
Қолөнер – ұлттың рухани мұрасы. Ал шебердің қолынан шыққан әрбір бұйым – халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрінің айқын көрінісі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *