100 жастағы Евдокия Беккер үйінде дауыс берді
Фото
Көкшетау қаласының 100 жастағы тұрғыны Евдокия Александровна Беккер өз азаматтық таңдауын жасады. Жасына байланысты учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері оның үйіне арнайы барып, көшпелі дауыс беру жәшігінің көмегімен дауыс беру мүмкіндігін ұйымдастырды.
Евдокия Александровна комиссия мүшелерін қуана қарсы алды. Ол ұзақ ғұмырында бірде-бір сайлауды жібермегенін, бүгін де осы дәстүрін жалғастырғанын айтты.
Оның өмір жолы Қазақстанмен тығыз байланысты. Евдокия Александровна Архангельск облысынан комсомолдық жолдамамен тың игеруге келіп, бухгалтер мамандығын меңгерген. Кейін ұзақ жылдар бойы Көкшетау қаласында еңбек еткен.
«Дауыс беруге мүмкіндік болса, оны пайдалану керек деп әрдайым есептедім. Жүз жасқа келсем де, сайлауға қатысқым келеді. Елімізге бейбітшілік, ал жастарға жарқын болашақ тілеймін», – деп бөлісті Евдокия Александровна.
Евдокия Беккердің сайлауға қатысуы – азаматтық белсенділік пен өмірлік ұстанымға адалдықтың жарқын үлгісі.
Пікірлер (0)