101 жастағы соғыс ардагері Қосшыда дауыс берді

Жаңалықтар
view 17
news

Фото

Қосшы қаласындағы №750 сайлау учаскесіне 101 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрқасым Әжітаев келіп, өз таңдауын жасады.

Нұрқасым Әжітайұлы 1925 жылы 1 қаңтарда Семей облысының Абралы ауданындағы Сарықамыс ауылында дүниеге келген. 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, Новосібір қаласындағы мергендер мектебін үздік тәмамдаған. Соғыс жылдарында Керчь қаласын азат ету, Курск доғасындағы және Берлинді алу шайқастарына қатысқан. Кейін Жапониямен болған соғыста да ерлік көрсеткен.

Ғасырлық тарихтың куәсі болған ардагердің бүгінгі сайлауға қатысуы оның ел өміріне деген бейжай қарамайтынын көрсетеді. Нұрқасым ақсақалдың өмір жолы мен азаматтық ұстанымы кейінгі ұрпаққа өнеге.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *