«Бүкіл отбасымызбен дауыс береміз»: таңдау жасаған отбасылар

Жаңалықтар
view 21
news

Фото

Ақмола облысында сайлау күні отбасылық бірлік пен ұрпақтар сабақтастығын дәріптеген «Бүкіл отбасымызбен дауыс береміз» акциясы өтті.

Абдрахмановтар, Тлеулиндер және Касимовтар отбасылары дауыс беруге бірнеше буын болып бірге келді. Ата-әжелер, ата-аналар мен немерелер бір шаңырақтың атынан өз таңдауларын жасап, сайлау күніне ортақ қатысты.

Отбасымен бірге дауыс беру сәті үлкендерге де, жастарға да ерекше әсер сыйлап, ортақ естелікке айналды. Осындай бастамалар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, азаматтық белсенділіктің отбасынан басталатынын көрсетеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *