Қазақстандағы сайлау: танымал тұлғалар азаматтық жауапкершілік туралы пікір білдірді

Жаңалықтар
view 54
news

Фото

Мәслихат депутаттарын сайлау күні қоғамдық өмірдің түрлі саласының өкілдері де дауыс беруге қатысты. Сайлау учаскелеріне келгендердіңарасында танымал журналистер, кәсіпкерлер мен блогерлер бар. Олардың кейбірі өз таңдауын жасап қана қоймай, азаматтардың өзітұратын қала мен ел өміріне араласуының маңызы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Дауыс беруге қатысқандардың бірі – «Халық қаһарманы» БақытжанЕртайұлы. Ол Астанадағы сайлау учаскесіне барып, мәслихатдепутаттарын сайлауға қатысты. Оның айтуынша, дауыс беру азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік берді.

Дауыс бергендердің қатарында танымал журналист, публицист, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Әбдірахманов та бар. Олсайлауға қатысу үшін Астанадағы сайлау учаскесіне келді.

Дауыс беруге қатысқандардың қатарында «Атамекен» ұлттықкәсіпкерлер палатасы Шағын және орта бизнесті дамыту комитетініңтөрайымы, кәсіпкер Гүлбану Майгарина да бар. Ол дауыс бергенненкейін алған әсерімен қысқаша бөлісіп, азаматтық борышынорындағанын атап өтті.

«Азаматтық борышымды орындадым. Өз таңдауымды жасадым», – деді Гүлбану Майгарина.

Сайлаушылардың жеке жауапкершілігі туралы блогер, қоғамқайраткері Тәңірберген Бердоңғар да пікір білдірді. Ол сайлауучаскесіне жұбайымен бірге келді. Оның пікірінше, азаматтар өздерісенетін және округ тұрғындарының мүддесін қорғай алатын үміткердіқолдауы маңызды. Мұндай таңдау, оның айтуынша, кейін депутаттарғасұрақ қойып, ұсыныс білдіруге моральдық тұрғыдан негіз береді.

«Өз округіңде сенім артатын адамды таңдап, оған дауыс беру керек. Сонда кейін депутаттарға өз мүддеңді білдіру үшін жүгінуге моральдық тұрғыдан құқығың болады. Азаматтық ұстаным дегеніміз – осы», – деді Тәңірберген Бердоңғар.

Танымал журналистердің, кәсіпкерлер мен мәдениет өкілдерінің сайлауға қатысуы дауыс берушілердің жалпы белсенділігінің бір бөлігіне айналды. Олардың өзге азаматтармен бірге сайлау учаскелеріне келуі тұрғындардың қоғамдық өмірге араласатынын және өз қалалары мен өңірлерінің даму мәселелеріне бейжай қарамайтынын көрсетеді. Азаматтардың дауыс беруге белсенді қатысуы мәслихат депутаттарын сайлаудың маңызын және жергілікті өкілді органдарды қалыптастырудағы әр сайлаушының рөлін айқындай түседі.

Дауыс беру жалғасып жатыр.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *