Мәслихат депутаттарын сайлау: спортшылар белсенділік танытып, ел болашағына бейжай қарамайды

Жаңалықтар
view 65
news

Фото

Бүгін мәслихат депутаттарын сайлауға қатысушылардың қатарында танымал қазақстандық спортшылар да бар. Олардың қатарында жас спортшыларды даярлаумен айналысып жүргендер де бар. Сонымен қатар еліміздегі спорт клубтарының ойыншылары да сайлауға белсенді қатысуда.

Каратэден Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы София Берульцева Шымкент қаласындағы №6 сайлау учаскесінде дауыс берді. Спортшы жергілікті өкілді органдар жұмысының маңызына және мәслихат депутаттарын сайлауға тұрғындардың қатысуының мәніне тоқталды.

«Мәслихат депутаттары жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді көтеріп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді. Сондықтан тұрғындардың сайлау науқанына белсенді қатысуы маңызды», – деді Олимпиада жүлдегері.

Алматыда құзға өрмелеуден Азия ойындарының жүлдегері Дамир Тоқтаров Бостандық ауданындағы №230 сайлау учаскесінде дауысберді.

«Алматы – мен жаттығатын әрі жарыстарға аттанатын қала. Мұндабалалар мен жастардың өзін спортта сынап көріп, көңіліне шынұнайтын спорт түрін табуына мүмкіндік көп болғаны мен үшін маңызды. Депутаттар тұрғындардың пікіріне құлақ асып, осындай мәселелергекөңіл бөледі деп үміттенемін. Сондықтан бүгін дауыс беруге келдім», – деді Азия ойындарының жүлдегері.

Сайлауда дауыс бергендердің қатарында жеңіл атлетикадан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Аделина Земс, жазғы Азия ойындарының тарихында ММА бойынша алғаш рет чемпион атанғанЕркінғали Бүркіталин және армрестлингтен әлем чемпионы Екатерина Шевченко бар. Сондай-ақ жүзуден Азия чемпионы Мейіржан Кәдірәліөзінің сайлауға қатысқаны туралы Instagram парақшасында жазбажариялады.

 

Ақтөбе қаласындағы №556 сайлау учаскесінде қазақ күресінен әлемчемпионы Бақытбай Қисықов дауыс берді. Белгілі балуан сайланғандепутаттар тұрғындардың мүддесі үшін жүйелі жұмыс жүргізеді дегенүмітін білдірді. Сондай-ақ спортшы ауылдық жерлерде ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Оныңайтуынша, ауыл балалары қазақ күресіне үлкен қызығушылықтанытады.

Ал Ақтөбе қаласындағы №583 сайлау учаскесінде қазақстандықпараспортшы, спорт шебері Айбек Қапин өз таңдауын жасады. Ол – арбадағы теннистен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ параүстел теннисінен республикалық жарыстардыңқатысушысы әрі жүлдегері.

«Әрбір адам өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, сайлауға қатысуыкерек. Сайлау ашық әрі әділ өтетініне сенімдімін. Оның нәтижелеріөңіріміз бен тұрғындарымыздың өміріндегі оң өзгерістерге негіз боладыдеген үміттемін», – деді Айбек Қапин.

Сайлауда спорт федерацияларының өкілдері мен қазақстандық жасспортшыларды даярлаумен айналысып жүрген клуб басшылары да дауыс берді.

Олардың қатарында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанволейболдан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны, 2018 жылғыАзияның үздік ойыншысы, ел чемпионы, Қазақстан кубогі мен Суперкубогінің иегері Айбат Неталин бар. Қазір ол «Ақтөбе» волейбол клубына жетекшілік етеді.

«Қазақстан – үлкен мүмкіндіктер мекені. Бүгін әр адам өз дауысыментуған өлкесінің дамуына қолдау көрсетіп, жаңа таланттардың өсіп-жетілуіне үлес қосу үшін сайлауға келеді», – деді №554 сайлауучаскесінде дауыс берген Айбат Неталин.

Оның айтуынша, Ақтөбе облысында волейбол қарқынды дамуда. Бұлспорт түріне қызығушылық танытатын балалардың қатары артып, жергілікті командалардың жетістіктері де жақсарып келеді.

Еліміздің бірқатар өңірінде спортшылар сайлау учаскелеріне тұтаскоманда болып келіп, дауыс берді. Атап айтқанда, «Ұлытау» волейбол клубының, Павлодардағы «Ертіс» футбол клубының және ШығысҚазақстан облысының «Торпедо» хоккей командасының ойыншыларыбірге барып, өз таңдауларын жасады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *