Ел қауіпсіздігі – елге қызмет етудің маңызды бағыты

Қосшы жаңалықтары
view 30
news

Фото

Қосшы қаласында «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында жастарға арналған танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында жастар қалада жаңадан ашылған өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысып, төтенше жағдайлар қызметі мамандарының күнделікті қызметі, кәсіби міндеттері мен жауапкершілігі жөнінде мағлұмат алды. Өрт сөндірушілер өз жұмысының қыр-сырын түсіндіріп, ел тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметтің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу аясында қатысушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіп-қатер кезінде дұрыс әрекет ету және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша пайдалы ақпарат берілді.

Басты мақсат – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың қызметін жастарға таныстыру, олардың еңбегіне құрмет қалыптастыру, сондай-ақ жауапкершілік, отансүйгіштік және қоғамға қызмет ету құндылықтарын дәріптеу.

Ел қауіпсіздігі жолында қызмет ету – үлкен жауапкершілік пен кәсіби дайындықты талап ететін абыройлы міндет. Осындай танымдық кездесулер жас ұрпақтың мамандықтар әлемі туралы түсінігін кеңейтіп қана қоймай, ел игілігі жолындағы еңбектің қадірін ұғынуға ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *