-20 градусқа дейін аяз: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Жаңалықтар
view 69
news

Сурет: aikyn.kz

"Қазгидромет" синоптиктері 5,6 және 7 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды  janabastau.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің орталық аймағында күн күрт суытады.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.

Алдағы күндері қар жауады, оңтүстік облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Еліміздің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ мамандар ауа температурасының төмендейтінін мәлімдеді. Мәселен, түнде еліміздің батысында ауа температурасы -7-12 градусқа дейін суытады.

Ал солтүстік-батыста – -13-18 градусқа дейін, солтүстікте, республика орталығында – -15-20 градусқа дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – -3-8°-градусқа дейін, таулы аймақтарда – -10-16 градусқа дейін суық болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *