"Өмір үшін күрес": Сотта Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы ұлына үн қатты

Жаңалықтар
view 37
news

Фото: baq.kz

Атыраудағы бір отбасының бес мүшесінің өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта бүгін айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің ата-анасы куәлік берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Бүгін сотта куәларды тыңдау кезеңі басталды. Алғаш болып сот залына айыпталушының әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев шақырылды.

Ал әкесін көрген айыпталушы сот залында көз жасына ерік берді.

Әкесі жауап беру кезінде баласының мұндай қылмысқа барғанын қабыл алмайтынын айтып, баласының бойында ешқандай жаман әдеттердің жоқтығын алға тартты.

Жауапкершілігі жоғары, отбасын ойлайтын, - адам деді ол. 

Самиғолла Сәрсемәлиев сондай-ақ айыпталушының бала кезінде ешқандай психологиялық жарақат алмағанын алға тартты. 

Ал сотталушының анасы Гүлнар Азмұханова жауап беруден бас тартып, тек баласына арнауын жеткізді.

«Өмір үшін күрес. Мықты бол. Мен балаларыңа олардың әкесі бар екенін айтып отырамын», - деді анасы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *