Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтуде

Жаңалықтар
view 29
news

Фото: Ресми дереккөзден

21 қарашада Тараз қаласындағы «Көне Тараз» этномәдени кешенінде «ASPARA FASHION DAY 2026 – Мұра коды» халықаралық сән іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Асыл-Дизайн» сән үйі ұйымдастырған шараның басты мақсаты – ұлттық мәдени мұраны заманауи сән үлгілері арқылы дәріптеу, отандық дизайнерлер мен қолөнер шеберлерінің шығармашылығын насихаттау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Іс-шара аясында қолөнершілер көрмесі, концерттік бағдарлама, халықаралық форум және сән көрсетілімі ұйымдастырылған. Көрмеде Жамбыл өңірінің 33 қолөнершісі ұлттық нақыштағы авторлық туындыларын таныстырды.

Биылғы сән іс-шарасына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан 18 дизайнер қатысып, «Мұра коды» тақырыбында әзірленген 21 авторлық топтамасын ұсынуда.

Сән көрсетілімі арқылы ұлттық ою-өрнектер, дәстүрлі киім үлгілері мен тарихи-мәдени құндылықтар заманауи сән әлемімен сабақтастырылады.

Мұндай халықаралық бастамалар ұлттық мұраны кеңінен танытуға, шығармашылық индустрияны дамытуға және Қазақстанның мәдени-туристік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *