МЕДИЦИНАДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ ДӘРІГЕР КӨМЕКШІСІ МЕН ВИРТУАЛДЫ ПАЦИЕНТТІҢ ПРОТОТИПТЕРІН ӘЗІРЛЕУДЕ

Жаңалықтар
view 57
news

Фото

AI-Sana ұлттық бағдарламасы аясында Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті денсаулық сақтау мен медициналық білім беруге жасанды интеллектіні енгізу бағытында жұмыс жүргізуде. Жобалардың бірі – дәрігер мен пациент арасындағы әңгімені автоматты түрде өңдеп, медициналық құжаттаманы қалыптастыруға көмектесетін AiMed Voice жүйесі. Университет оқытушылары мен студенттері оның жұмыс істейтін прототипін әзірледі.

Сонымен қатар болашақ дәрігерлердің клиникалық ойлау қабілетін дамытуға арналған «виртуалды пациент» симуляторы жасалуда. Ол студенттерге қауіпсіз цифрлық ортада тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Жобаларда дербес деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздік және медициналық шешім қабылдауда дәрігердің жетекші рөлін сақтау басты назарда.

Мұндай бастамалар медицина саласын цифрландыруға және болашақ мамандардың технологиялық құзыреттерін арттыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *