Ақмола облысында су құбырын жөндеп жатқан 2 жұмысшы ажал құшты

Жаңалықтар
view 23
news

Фото: Pixabay

Целиноград ауданының Қараөткел ауылындағы құдықтағы су құбыры желісінде монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде екі жұмысшы қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі POLITICO.KZпорталына сілтеме жасап. 

"Ағымдағы жылдың 6 шілдесінде Целиноград ауданының Қараөткел ауылында құдықтағы су құбыры желісінде монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде жазатайым оқиға орын алды. Екі жұмысшы қайтыс болып, екеуі ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі (еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріс жүргізуде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *