Тоқаев Кения президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Жаңалықтар
view 24
news

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кения президенті Уильям Рутомен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Уильям Рутоға Астанаға бизнесмендерден құралған үлкен делегацияны бастап сапармен келгені үшін ризашылығын білдірді.

"Бүгін екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылаймыз. Найроби Африкадағы халықаралық орталық ретінде танылғаны мәлім. Онда БҰҰ жүйесіндегі ұйымдар орналасып, тұрақты жұмыс істеп келеді. Осыған байланысты Қазақстан Найробиде елшілік ашу туралы шешім қабылдаған болатын", – деді Қазақстан президенті. 

Уильям Руто Кения Қазақстанды сауда мен инвестицияны дамытудағы маңызды логистикалық хаб ретінде қарастыратынын атап өтті.

"Қазірдің өзінде елдеріміз арасындағы тауар айналымында өсім байқалады. Біз Қазақстан арқылы негізгі ауылшаруашылық өнімдерімізді Еуразия нарығына экспорттауға ниет танытып отырмыз. Сапар аясында елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қажетті құқықтық негіз қалап, тың мүмкіндіктерге жол ашатын бірқатар құжатқа қол қоямыз", – деді Кения президенті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *