Араша түспесек, дүние есігін енді ашқан қорғансыз сәбидің обалы бізді жібермейді - Бекжан Тұрыс

Жаңалықтар
view 1192
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Белгілі актер Бекжан Тұрыс әлеуметтік желіде кеңінен талқыланған іс жөнінде өз ойын білдірді, деп хабарлайды janabastau.kz. 

Бұл туралы актер әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды.

Дәл қазіргі күні Жансұлудың тағдыры жайлы бейхабармын. Бірақ…

Адам құқықтары мен әлеуметтік әділдік үшін күрескен әйгілі тұлғалардың бірі –америкалық Мартин Лютер Кинг “мына дүниенің бұзылуы – залымдардың залымдығынан емес, жақсылардың үндемеуінен” деген екен. Біздегі бүгінгі үлкен қылмыс –үндемеу. Қара басымыз ғана үшін үнсіз қалу. Үнсіз қоғам – жансыз қоғам. Ал жансыз қоғамда адамдық құндылық та, рух та болмайды. Осы кімге тиімді екенін әлі түсіне алмай келем. 

Біз үндемеген сайын үнсіздіктен келетін қауіп әлі дүниеге келмеген шақалақтың мойнына ілінген қамытқа айналады.

Біреудің құқығы тапталғанда, қасіретін көріп тұрып, көз жұму адамгершілікке жата ма әрі ол ӨЗ ҰЛТЫҢНЫҢ адамы болса! Қазақ “зар жылатпа, зар илейсің” дейді. Бірақ біз көзімізбен көріп, ауырлықты жүрегімізбен сезіп отырып та, көбіне араша түсе алмаймыз.

… Жансұлуға араша түспесек, дүние есігін енді ашқан қорғансыз сәбидің обалы бізді жібермейді. Шырғалаңға түскен қазақ анасының мұңы бәрімізге ортақ.

Сол сәби – сенің де, менің де болашағым.

Жансұлудың перзенті - рухани тоқырауға ұшыраған, еріксіз тұсалған ұлттың – қазақтың бүгінгі бейнесі, - деп жазды актер

 

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *