Бір жыл бұрын Алматы облысында жоғалып кеткен әйелдің ісіне қатысты жаңа дерек пайда болды

Жаңалықтар
view 26
news

Фото: Threads ww_asem

Алматы облысы Қарасай ауданында былтыр маусым айында жоғалып кеткен жас әйелдің ісіне қатысты жаңа мәлімет шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Еске салайық, 1993 жылы туған Аманкылышова Жайна Жеңісбайқызы 2025 жылы 8 маусымда із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Ол таңғы сағат 06:00 шамасында Қарасай ауданы,Қаскелең қаласындағы 30-квартал, "Новостройка" мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Үстінде қара футболка мен ақ шалбар болған. Өзімен бірге заттары салынған пакет пен телефонын алған.

Еріктілер бірнеше рет ауқымды іздеу жұмыстарын жүргізіп, түскен барлық ақпаратты тексерген. Алайда әйелді әлі күнге дейін табу мүмкін болмай отыр.

Еріктілердің айтуынша, жуырда оларға іздеу парақшасындағы байланыс нөмірі арқылы хабарласып, жоғалған әйелді көргені туралы ақпарат берген. Куәгерлердің сөзінше, өткен жылдың тамыз айында әйелді Алматы қаласындағы шағынаудандардың бірінен көрген.

Егер жоғалған әйелдің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз немесе оны бір жерден көрсеңіз, еріктілерге хабарласыңыз:

WhatsApp/телефон: +7 701 375 92 91, +7 705 105 31 31. 

Сонымен қатар директ арқылы жазуға немесе 102 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *