Сұраған Рхметұлы. «J-J-J» жапырақтай жасыл жұмбақ

Руханият
view 135
news

Фотосурет автордың мқрағатынан

(кіаптағы эсседен...)

Бүлік теориясы

Астыртын бүлік теориясы (сonspiracy theory) деген атаудың түп астында қоғам бұлқынып, буынып жатады. Қоғамды астыртын бақылап басқаратын өте күшті ықпалды құпия бүлікшілдердің ақшалы тобы әрекет жүргізеді. ХІХ ғасыр ширегіндегі алпауыт патшалық Ресейдің  ІІ Николайдың (Николай Александрович Романов) 1905-1907  жылдары өрби жөнелген төңкерістер заманында осы тәсіл жиі қолданылды. Бұл тәсілді Ресей империясының жандармы (gens d'armes) қарулылардың жетекшісі полицейлік әмірші әкімшісі Петр Иванович Рачковский (1851–1910) деген ойлап тапса керек.Бұл тақырып пен байлам Алберь Камюдің «Бүлікшіл адам» (L'Homme révolté, 1951) шығармасына түк қатысы жоқ.

Әдейі теріс пиғылда, еш себепсіз епсіз  өсектер өрбітіп, қатерлі лапқап, қаңқулы долбар тарату арқылы аңғал адамдарды үрейлендіруге апарады. Бұған қоғамдағы дәуіріккен желікпелі жарымес паранойялылар, асқынған шизофрения дімкәсі барларды таңдап алады. Олардың ынтасын тура тартатын анайы тәсілдердің небір сойқан түрін қолдан таратып, қолма-қол ұйымдастырады. Негізі паранойя (paranoia)  созылмалы психикалық дауасыз дербез. Осы бір бәлкетке ұғынбай ұрынатындар шүбәлі күдікпен, түпсіз шүңетті сенімсіздікке, әшкере сандыраққа оңбай сенеді. Болымсыз дау-дамайлы әрекеттерге ұрыншақ келеді... Көбінесе түбі орасан қате, өрескел қатерлі,  алуан түрлі пікірлерді көптің санасына сіңіріп, сақтап, миына жинап, іштей қайнаған қыжылға кіжінген қыңырлықты жүктейді. Осыдан қызғаныштың ыстық қысқашына қыстырылып күйіп, өзегімен өртенетіндер көп.  Көбінесе өзін-өзі тұйыққа тіреп осы бүлікшілерге өлердей сеніп жатады!? Өзін өзгеден мүлдем үнемі жоғары сатыға қоятын, бей әулиелік сандыраққа әбден  құмартып, берілгендердің бір есім – сойы осы  – паранойя дербезі.

Жартының жартысына қарай...

Мына өзі жарымға жырымдалып екіге жарылған елірген тобыр (ел-жұрттың сетінеген жыртығында ойнайды) бірін-бірі оң бағалауы, орасан қолдауы азайды. Қоғамның бір бөлігі – «өз мини сахнасында» трагедиялық көрініс ойнайтын амфитеатрдың жабық манежді (manège) алаңында ғана қалып барады. Жалпыұлттық жаңа құндылықтардың әуелгі сыр-сипаты көнбістіктің  жадаулық (жаманақырлық)  салдарынан сынап бағанасынан күрт төмендеп ұлттың бар болмысын иммобилайзерлеп (іmmobiliser) тұмшалап, тұсамыстап (кейде тұмсықтан ұрып сілейтіп) кепесін түгетіп, түгел болмысты болымсымен кері кетіп, қауымның байырғы беркін тең тұғырын ақсатып бітіруді еңсейтін іспетті. Енді баяғы жалпы көне құндылықтар  барлық бітім пошымымен мүлдемге күйремесе де аясы тарыла бастағаны байқалады. Ел көлеміндегі бүкіл заңы бүтін қалған, ежелгі есептегі уақыт пен орындарда ситуациялар жиналады. Қалыпты жағдайлар жарты миға сіңіспеуімен бірге ақыл деген тәсілдің өзі бір арнаға сыйыспайтындай шамшыл болып алды. Ақыл деген ақыл-естік амалдан гөрі арам айлаға бейімделді. Дүние тетіктері тек күдік пен шүбәдан ғана құралатын бірдеңелер деген жәдігөй пайымдау пайда болды да адамдардың қауғадай басы қауашақша айналды. Ұлы Абай айтқан «...ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенген...» заман ба, кім білер!?

Тілдің киелі кенті

Тіл жағдаяты күн сайын түлеп төлежіп бара ма, әлде әлсіреп, тұралап, түгесіліп тамыры үзіліп бара ма!? Расы өтірігі беймәлім әйтеуір бейғайып күмән бар сықылды бір!? Сауал мен ақылдың түпкі жағы түн – күңгірттеу. Тіл жанашырларының кіржиген кірпіктерінің астында бір қолдыраған үр кірбің, кіреукенің тұнбасы бар тәрізді.Тиек те тілек, ниет те хаһилық та тілдің ұшында ілулі, көмейде көмулі... Тіл деген тірі хаһилық, ұлттық табиғи заңды шындық. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Тіл – ұлттың жаны. Оған немқұрайды қарауға болмайды...» (16.06.2022) деді. Мемлекет басшысы «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» (2026) кітабында тұтас бір бөлімін арнауы тегін сөз болмаса керек!? Демек, әзіргі ресми жақта уақытша «көңіл жықпастықпен» ғана қолданылуға келмейді!? Бұл әрі қарайғы межеге жете алмайтыны белгілі, тек әзірше ғана кедергі болсыншы... Қазақша уыз тілі шықпаған осындай «тіл-мүгедек» мәңгүрттелген «қара көздер» болашақта «рухани мүгедек» болып қаларын ойласаң үрейлі. Олар (тілсіздер) бәрінен бұрын өзінен-өзі кейін ысырылады. Кейін шегіну, төрге шыға алмау – кері айналу, өзге тілде көйту бүткіл қоғамды дамудан артта қалдыратыны айдан айқын.

Тіл деген – де юре. Демек неге ол – де факто болса төменде тұруы керек!? Сөздің күші кеміп, көктемгі көтеремнің боркемігіндей тым әлсіз кемтар болуы күрделі жайт тым... Кейде бір мінберлерде, немесе ұшақта қайран тілдің мазақ болып жайрап жатқанын көресің.  Бет емес – беттері көн секілді  кісілер мәңгүрттікті дәріптеп һәм тілсіз мылқаулықты құптап жатқандай. Тумай кеткір кейбіреулердің бүткіл мылқаулықтың баянын шектеп, қазақтың несібелерін тек қара басына қарай лайықтап, киелі ақиқатты иемденуге ұмытылмайтынын көресің!? Беті ары болсын дейік! Ендеше «Тіл» журналында президент Қасым-Жомарт Кемелұлының мақаласында: «Қазақ тілін білу – өте құрметті, абыройлы, биік мәртебе!» (№6.2009).

Иә, осындайда жақсы бір жаңалықтар да келе жатады. Әлемге танымал, әмбеге аян «Euronews» тілдік медиажелісі қатарына қазақ тілі орын алды!? Орталық Азия тілдері ішінде хабар таратуды алдымен қазақ тілінен бастап отырған – халықаралық көптілді – «Euronews» жасасын!

Ұлттың тілі – ірі сахнадағы тірі кие. Ол өлі жарықтан қорқады, жарымжан «шуақтан»  адамдар ләззат алмайды. Саламатты қоғамды магиялық қараңғы түкпіріне тықсырып баратын айыр – тілді әдейі қолдануды дәріптеу басым кездегі біргей тәуба. Олай болса да ұлттық тілді меңгерген ЖИ жоба жүйелерді (LLM) дамытуға қазақ тілін толық меңгеріп, мәтін жазу, аудару және аудионы мәтінге айналдыруға атсалыса бастауы да керемет жаңалық! Осы тұрғыда тұғырға көтерілген қазақтың жас ғалымы Мұхаммед Тоғманов (Mukhammed Togman) және Нұрдәулет Мұхитұлы (толық аты-жөні Болатхан Нұрдәулет Мұхитұлы) қатарлы қырандар браво... Әбіш Кекілбайұлының ескерткіші алдында (10.10.2019) Мемлекет басшысының ескертуінде: «Бүгінгі заман – білектінікі емес, білімдінің, яғни ақыл-ой бәсекелесінің заманы...» деген-ді.

Экономикалық картельдер

Өзгенің жеңіс, жетістігіне таңдай қағып таңырқап, сілекей шұбыртып жүреміз. Балалы отбасының ошағында немесе тоңазытқышта үкіметтің бөлген несібесі толып тұруы керек... Норвегия 18 жасқа толмаған балаға ай сайын жәрдемақы, ата-анасына 12 айға толық бесікақы төлейді!? Бұл жаңбырдың суындай тұщы эко экономикасына сеп емес. Жәрдем, жарылқауға еті әбден үйренген, дәндегендердің ішкі ындыны мен ниеті жемірленсе келешек өркенге үлкен қауіп.

Егер іш пен сыртқа бірдей беделді, бітіргені біршама мол үкімет жазатайым орнынан кетсе – ұлттық экономика «жартылай жан тапсырады-мыс». Мүмкін, саяси іс-қимыл акциялар арқылы жасанды ақпараттарды үдемелетіп, әскери (junta) езгі енгізуге дейін баратындар бар. Осылайша қайталанбайтын қайран уақытты да ысыраптап, қолға келген ризықты жоғалтады. Көп елдерде осындай құйтырқы тәсіл технология жұмсалады. Құлатудың себептері де шылғи шикі. Санасы кемтар озбыр шенеуніктердің өздері ойдан жасалған долбармен бұрынғыдан қалған бұрандалы құрылғыларды ғана іске қосады. Түбі босаңсыған жүйеге өздері өтірік әмекбасшы (нарциссизм) болумен саяси ойынға көшеді. Пабло Эскобар ( Pablo Escobar 1949-1993) колумбиялық малшының баласының құрған  Medellín-Kartell (Меделлин тобы) рецидивті қылмыстық алпауыттардың бәлекеті бұған дәлел.

«Сртатосфералық метеориттен» қорғайтын таза жамылғы – өркениет өлі жұртта емес, кәдімгі мәңгі тірі тіл мен жадты санада өмір сүреді екен (құдай қаққанда...). Сол сықылды сонау алыстан ауып келе жатқан әртарапты шырғалаған қасақана қарыз қисапсыз несиелерді (usury) тықпалаумен экономикалық  «балшыққа батыру» әрекеті сезілсе ой санасы тірі, халықаралық қаржылық мамандары түгел елге одан қорғану, сақсыну деген ештеңе емес. Тек ауыт кетпей анық бетбұрысқа сену тура.

Мұнда бір ғана қатер тағы пайда болуы ғажапқа жатпайды. Әлемді де тіпті әрі-сәрі тұрпаттағы әр елді де әлсірететін картель (сartel) жүйесі тағы да бас көтерді. Бұл жолы АҚШ-тың бастауында.... Халықаралық атақты атау – картельге мұнайдың көлемі мен бағасын бақылайтын ОПЕК (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) ұйымдар құмартады. Қазақ Елі тарапы «...қазба байлыққа ғана сүйенбейтінін...» ашық мәлімдеп келеді.

Бәсекелестікті шектеу, өнім бағасын өздері ғана бекіту, саудадағы заңды нарықты заңсыз шектеу, күшпен иемдену, монополиялық билік жүргізіп кедген үдеріс қайта тіріледі. ОПЕК-тер үшін солай беттеп келеді... Осылардың ең белгілі бір сабақ болап мәселесі бұрынғы жылдағы қаңтардағы көрініс – газ бағасының өсуіне сәйкес жаппай өрши түскен, наразылықтар мен қарсылықтар түрімен көрінген-ді. Картель дегенді дұрыс қатынаспаса «қаңтар»-ды қайталайтын айрықша албастысы бар.

Абсурд – сана 

Шегіну – абсурды тілдік нормада ғана  пайда болды ма!?. Алға ұмтылудан гөрі қалайда  бір ебін тауып кейін қарай сытылып кетсе ғана – дүм-дүние қолма-қол түгенделетіндей ме, бос қиял, жаңсақ аңсар ма, қалай өзі дейсің!? Біртүрлі шегіну мен біріктірудің бейтарапаралықтың зәрлі салқыны орын алады. Өтпелі шақтың зардабы осыдан да шығар, ләйім!?

Құлықсананы (мораль) шеңберге қамайтын немесе оны өкшелеп қуып шығатын, өңдеп өлшеп, норма жасап беретін жағдайдың салдары бұл. Уақытша жалғасатын әрекет деген қисын да осыған тақау болмақ. Әрине ол туралы дәйек көп, сауалға жауап та аз. Мінсіз дүние бола ма!?

Ницшенің барлық қуаты мен Абай дананың ішкі үндестігі туралы жазып едік жуырда: «...Адамдар өз құндылықтарын өзі көтеріп, өз пирамидаларын өздері жасайтын болса...» дейді. Оның ойынша осы қасиет тек асқақ (асқан) жаңа адамның типіне қатысты болмақ. Себебі, асқақ адамның немесе қожайын құлықсанасының үлгісі (copia) болса деген қисынды меңзейді. Ұлы Абайдың «Мағұт» дастанында ұждан мәселесі сипатталады, Ақылдан қашу немесе адам өз әрекеттерін тек ақылмен емес ерік, күш-қуат (энергия) арқылы жасауға болатынын айтады. Өзін дамытуға, өзгеден еліге жақын өлшемге таяу үстем болуға, өз күшіне сенуге шақырады. Асқақ адам ақылды өзі ғана жасайды... Біреудің сыңаржақ даңғой қосалқы ережесімен ұйқылы-ояу өмір сүру мүмкін емесін, өмірді өз өлшеміңмен мөлшерле дейді. Ол, «...дүниенің негізінде ақыл емес қайрат пен жігер бар дейтін волюнтаризм бағытын жорамалдайды Ницше...».

 Ояну керек

Хайуани азғын тобыр, ессіз мақұлықтар салауатты өрелілер тұқымымен немесе зайырлы қоғамымен бірге бола алмаса керек. Ешқашан етек, жеңімен селбесіп етене береке жасай алмайды-ау!? Олар оянбайды. Егер һәм оянса да теріс-қағыс шошынбалы, құбыжықшалау үрейлі кейіппен оянады. Абай хакім бұны тағы да: «...Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың...» дегені бар!?

Кафканың «Құбылу» (Die Verwandlung) шығармасында  оянған кезінде өзінің нәңкір-мүңкір құбыжық үрейлі үбіжәйға айналып қалғанын көретін Грегор Замза туралы шығады. Оянса осынау әйгілі туындыдағы кейіпкердей оянар дейік. Кейде бейсенімдегі иудаизмнің Талмуд ережелеріне ұқсас өте қым-қуат қумақай саналар ойыңды мазалайды. Біреу қуып келе жатқандай күйде боласың!?

Күндердің күнінде «...сен ақиқатпен бетпе-бет келесің, сол сәтте сені ақиқат жамандықтан құтқарады...» дейтін пәрмендер ежелгі тәураттың Иохан өсиетінде көп айтылады. Мұндағы «хаһи» атауы – құдайдың атауымен тең. Біз жоғарыда Ницшенің тағылымдарын біз шамамызша осыған қарата байыптап, меңзеген едік... Неғұрлым оқырманның санасындағы мең-зеңдікті арылту үшін бұны мәжбүрлі түрде...

Айқай-шу сойқан жазбалар...

АҚШ-тың ең керемет әдебиеттанушысы, эссеист Эдмунд Уилсон (Edmund Wilson1895-1972) Ол, іс жүзінде әдеби талдаулары арқылы қосалқы ауыр дағдарысты да суреттейді. Кітаптың аты  «Патриоттық қан төгіс» (Patriotic Gore 1962) АҚШ-тағы азамат соғысы (1861-1865) туралы жазады ғой баяғы. Әдебиетші осы аналитикалық талдаулары арқылы өткен, кеткен тарихи кезеңдерге өзінше баға береді. Ерекше толғанысты ғажайып шығарманың түбіне жете алмайсыз. АҚШ-тың әйгілі президенті Авраам Линкольндей көркем кейіпкері бар ұлағатты дүние тұғын. Өмірінде жұмыстан қуылған 1832-1858 жылдары жаңа кәсібі оңбай құлаған, осыдан кейін құлазу дертіне шалдыққан, сайлауларда жеңілген, осы аралықта 28 жылда АҚШ-тың президенттігіне жеткен қайраткер. Бес жылдан кейін (1865) өлтіргенге шейін ерекше еңбек еткен. Кітаптың құны да қызығы да осында еді. Керемет кітаптардың бәрі дерлік ішкі санаңа келісіп жүктеле бермейді. 

АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обаманың әлемдік оқырмандарды елең еткізген ғұмырнамалық мемуары – «Әкемнің арманы» (1995) («Dreams from My Father: A Story of Race and Inheritance») деп аталады. Кенияда туған әкесіне деген жан дүниесінің толғанысы таңбаланады.

Қазақ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» кітабы (2019) ХХ ғасырдағы қазақ елінің тарихына қатысты шытырман оқиғаларды баяндайды. Әкеге деген ең құнды ұлы құрмет, балалық шақтағы ғажайып естеліктер,терең мағыналы тәнік сөздер мен адамгершілік тұжырымдарды оқуға болады. Сондай-ақ, автор «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» (2026) кітабында да: «Әкем мамандық таңдауда үлкен қолдау көрсетті...» деген толғаныстары және бүкіл өмірінде түйгендерін сөйлеген сөздерінде, сұқбаттарында тілге тиек еткен сәттерінен шебер ғибраттайды. Жалпы әлемде президенттердің ғұмырнамалық естеліктер өте көп. Мысалы, АҚШ-тың 26-шы серкесі Теодор Рузвельттің «Жеңіс сәті» (2010) тарихи деректі хамсалары қаншама қисапсыз тілдерге аударылған. Шығарманы мазмұны жағынан Адольф Гитлердің «Менің күресім» (Mein Kampf) өмірбаяндық көзқарасымен үндес келеді дейді.

Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) тұңғыш қара нәсілді президенті әйгілі әділетшіл Нелсон Манделаның нәсілгерлік апартеидке кемсітушілікке қарсы күрескен күрескер, түрмеде отырған сәтінде басынан өткендерін деректік негізде жазған – «Еркіндіктің жолы ұзақ» (Long Walk to Freedom) кітабында сұраныстар шексіз десе де болады.  Әдебиетті өте жақсы оқитын оқырман президенттерден тысқары көркем роман жазған жалғыз ғана АҚШ-тың 39-шы президенті Жимми Картердің «Араның ұясы» (The Hornet's Nest: A Novel of the Revolutionary War) (2003) шығармасы «топ» бағамымен топ жарған...

Карл Маркстің драмалары мен романстары да қызықты болған өз кезеңінде. Мао Цзэдуннің атақты поэтикалық «Қар сарқырамасы» (Синьюаньчунь 1925), Адольф Гитлердің «Ана» (Deine Mutter) қатарлы өздері жазған өлеңдері керемет. Ал, оларға арналған шығармалар саны ұшан-теңіз. Иосиф Сталинді кейіпкері етіп сомдаған роман – «Арбат балалары» (Дети Арбата) 1950 жылдары бастап жазылған. Авторы КСРО жазушысы Анатолий Рыбаков (1911-1998). Моңғолшаға аударған Цэрэнпилийн Гомбосүрэн болатын. Қалай десек те қазақтың ардагерей ақыны Қасым Аманжолов та «Сталин туралы поэма» жазып (1947) «Біздің дастан» деген атпен «Дауыл» жинағына жариялағаны тарихи факт. Сталин өлгеннен кейін осы жырлар түгел алынып тасталынды.

Қазақтың атақты жазушысы Ғабит Мүсіреповтің әуелгі кезекте – «Қазақ батыры» (1945) соңынан қайта өңделіп – «Қазақ солдаты» (1950) жазылды. Әрине. кейіпкері қарапайым Қайырғали Смағұловтан басталып «жеңіспен» аяқталатын қазақы роман... «...Сталинград жайын әлі бір айтқан жоқсыз... Кавказ майданында болсақ та біз де Сталинград үшін алысып едік, Самед...» дейтін саяси сюжетін қоспағанда недәуір тәуір жазылған шығарма.

 Отаршылықтан қалған опын дерт

Баяғы отаршылдықтан қалған бір оғаш дерт бар. Былшыл миғұла қырттыққа құмарту. Дау кеміру деген желік. Қазақта – «дау кеміріп, миымды жемеші» деген сөз бар. Папуа Жаңа Гвинеяда тараған Куру (Kuru) деген дерт осыған оқшас дүр. Миды зақымдайтын ең қатерлі індет обаның әкесі... Бұл дерттің өзі вирус, бактериядан тұратын індет емес «прион» деген ауыс ұрықтан пайда болатын жаңа дербездің бір түрі. Осынау теріс қақпай ұрықтың миға орнығып жадты жарақаттап, естің зақымдалуынан болатын пәлекет. Папуа Гвинеялықтар алқақотан құрмаланып отырып (бүгінгі группалық хабарлама секілді синдром) өлген адамға құрмет ретінде оның «миын жейтін» бұрыс дәстүрдің салдарынан жұққан дербез дейді. Қазақтардың «құры» дейтін қарғысына тым жақын дерт.  Мидың өзінің табиғи қасиетті бағамы бар. Оны күшпен саудаға салуға да онымен беталды ойнауға да келмейді. Дүние өркениеттерінде өздерін ерекше «мишық» әулие санайтын елдер көп болған. Мысалы, б.з.б. ІХ ғасырдағы Бабыл (Тәңір қақпасы), ежелгі Грек (Эллин), Рим, Мысыр мен Парсы (Иран), Инду (Үндіс), б.з.д ХІІІ ғасырда өлі теңіздің көбесіндегі көне Моав т.т. елдер өтті ғой. Едеше  қазақтар біздер де солардың бір бөлігінен тараған ұлыс екенбіз. Түркістандағы түмен бап (баб), Маңғыстау Үстіртіндегі 362 әулиелер шыққан Күн шығыстың шырайлылары қайда!?.

Өмір бір сәттік – сәуле...

Біреу сіріңке тартып жарық шығарып бере ме деп қарап отыратын омалған оңсыз дәурен өткен секілді. Өтпелі, өткінші сәттер де өзгеше ізімен өтіп кетті. Енді тойханадан ойханаға көшіп келеміз ептеп.

Есалаң уақыттың құлдары шамалы шу шығарып еді: тек бір бағытқа қарап бара жатқан елдің бетін қайтара алмады. Бір бағытқа қарай бағынған елдің басын қайыру да оның барлық ғұмырына тура баға беру де күрделі. Оқыс жағдайлар, опы шектіретін ғадетке төзіп, оны басынан кешіре білетін жандардың тағдыры... Өзін дамытуға ұмтылмаған қауымның тоқырауы ең күрделі тағдыр талайлы тауқыметке тіреледі. Бұған өзге бір метағаламның ештеңесі кетпейді.

Оңтүстік Кореяның сардары және саяси салиқалы ғаламат қайраткері, өткен 1963-1979 жылдардағы күшті  президенті, индустриялаудың хас шебері Пак Чон Хи (Пак Чон Хэ) бүкіл өмірімен еске оралады. Ол, әлдеқашан сұмдық саз, батпаққа батып «жоқшылық» тоқырауда шөгіп қалған аграрлық елді аса қысқа мерзімде барлық жағынан көтеріп, күрт дамыған индустриалды әл-қуатты державаға айналдырған зиынды тұлға. Біздің осы керей руына ұқсас әйгілі «корей жұртының экономикалық жағдаятын жырынды жаһандандыру жолын шебер жасаған» кісі. Оның қызы Пак Кын Хе осы Оңтүстік Кореяның тарихындағы тұңғыш әйел президенті (2013-2017 жылдар аралығында қызмет еткен-ді. Екеуі де саяси құрбан, екеуі де елі үшін аянбай-ақ қатты құлшынып көрді. Әкесі мен қызы 20 жыл бойы өз елінің саяси әлеуметтік өркеніне көшбасшы болды. Тек сәттік ғана жоғарыдағыдай бүлік теориясының конспирологиясына ілігіп жөнді мазамай тіпті жаза басқанына қарамай шынайы, шырақты сәулелі жағына назар салсақ керемет кейстері бар. Ерекше ғажайып өмір сыйлаған халықтың баласы олар. Өмірдің бір кезегінде өзінің көлеңкесін басына бүркенген тас қараңғы жұртқа жарық түсірген Назым Хикмет айтқандай аралдағы елдің алып шырағданы еді екеуі де!

ЖИ Қазақстан!

Қазақ Елі Қазақстандағы жасанды интеллект (ЖИ) – ақылды мәшинелер мен түрлі бағдарламалар жасау технологиясына қол жеткізді. Жуырда ғана Қытайдың Шанхай қаласында өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы (WAIC) кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект саласындағы халықаралық ұйым құруды, оның алғашқы отырысын Астанада өткізуді және ЖИ этикасын реттейтін тұрақты сарапшылық платформа құруды ұсынды. Өте жөн жасалған ұсыныс. Дүниедегі ақпараттар ағыны осындай жылдамдықпен өтіп барады. Оны қолдану да одан қорғану да қажет «Нексус» ( (Nexus: A Brief History of Information Networks from the Stone Age to AI) деген кітап жарық көрген «ЖИ» дәуіріне қатысты еңбек. Авторы  израильдік еврей тарихшы, жетілген жөйттің философы, әлемге мәшһүр «Sapiens: адамзаттың қысқаша тарихы» кітабын жазған  Ювал Ноаһ Харари. Қазақшаға аударып жеткізу керек бұндай зәру құндылықты. Болашақта бақылаусыз кетуі мүмкін АІ құрылымының құрығынан қорғану, жалған фейк, жаман ғадетті дақпыртты ақпараттарды тоталитарлық тәсілмен емес – шебер іскерлікпен дұрыс әдеппен түзету һәм «ауыздықтау» үшін тәуелсіз әділетті шешімдерді жүйелеу керек болады. Ақылды АІ дәуірін ақылсыз билік арқылы күшпен аңдаусыз бақылауға болмайтыны ескерілсе. Хаһи ақиқат пен ақылсыз биліктің қайшылығынан халық зардап шекпеуі керек деген сөз.

Жақында қазан айында АІ Digital Bridge форумы еліміздің бас шаһары Астанада дүркіреп өтеді. Иә, Oxford Insights халықаралық консалтингтік компаниясының негізін қалаушы және бас директоры (CEO), және Қазақстан Президентінің жанындағы Жасанды интеллектіні (ЖИ) дамыту кеңесінің мүшесі Ричард Стирлинг (Richard Stirling) мемлекеттік секторды цифрландыру және жауапты ЖИ жүйелерін құру бағытында кеңес береді екен.

Иә, сәт!

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шанхайда өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы (WAIC) аясында аса маңызды 70-ке жуық келіссөздер жүргізді. Өте маңызды жобалардың беті бері қарады. Қазақстан мен Қытайдың ірі сауда серіктестігі аясында еліміздің экономикасына 30 миллиард доллар инвестиция құйылды. Сауда-саттық көлемі екі жаққа да тиімді 49 миллиард долларға жетіпті. Әрине өзгеше көрсеткіш. «Қазақстан-Қытай цифрлық көпір» жобасы, Қытайдың мәшине өндірушілерімен әріптестікті нығайту, Каспий теңіз айлағында (портында) күш қуаты жылына 10 млн тонна терминал – көлік-логистикалық хаб құру, жүгері өсімдігін өңдеу зауыты, Алматы Қарғалы өзені бойында су қоймасы станциясы, газ-химия кешені,өнеркәсіптік мақта, маталар өндіру, тоқыма кешені тәрізді бірлескен ірі жобалар жүзеге асады. Алматының «Қарғалы су қоймасы» қасында болашақта әлемге экспортқа шығаратын ең дәмді ақ сазан, сүйрік, бақтақ сықылды сирек кездесетін балықтар өсіріледі...

Құрлықтық жүк тасымалының шамамен 85 пайызы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік көлік-логистикалық хаб қызметін Қазақ Елі атқарады. Алашаңқай, Алтынкөл, Аягөз-Бақты, Алматы айналма жолы деген  атының өзі ақ өлең шойын жолдар тораптары алдыңғы мезетте де ашылар болады бұйырса. Бұл Арқаның арқасымен ағып өтетін бұрынғы аңыздағы «Торғын соқпағы» бүгінгі ақ жол. «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» (2026) кітабында: «...жасанды интеллектіні дамыту, бұл – ұран емес, экономикалық идеологияның негізгі тірегі...» деген ұлағатты кілт-сөз, маңызы ірі миссияның жариялануы біздің сөзімізге ең керемет дәлел бола алады. Бұдан да керемет сенімді болудың ишарасын  атақты ақын Қадыр Мырза-Әлі батагөй өлеңімен:

О, тіршілік!
Не берсең де арнап бер.
Алтын балық ілігетін қармақ бер!
Бақыт бер де,
Бармақтай сол бақытты
Басып тұрар батпандай бір салмақ бер!
Және дос бер, айтқанымды мақұл дер,
Жүйрік бер де
Соған шыдар тақым бер!
Мен жазбаған,
Жұрт жазбаған жыр сыйла,
Жүректерге соны ұғатын ақыл бер!
Мені күтіп тұрсын алда биіктер,
Шапағатты шуағыңды құйып көр.
Абырой мен даңқыңды да аяма,
Және соған майыспайтын иық бер!

 Вице-Президент – Vice President

Вице-Президент деген қызмет президенттік биліктегі немесе жартылай президент басқаратын елдердегі мемлекет басшысынан кейінгі екінші дәрежедегі ресми тұлға ең жоғарғы лауазым иесі болып саналады. Жалпы теориядағы қисыны да осыны меңзейді.

Вице-президенттің атқаратын міндетінің де ерекше түрлі ерекшеліктері бар. Көп жағдайда әр елде президенттердің тапсырмасымен ішкі сырттың ресми іс-шараларына мемлекет атынан өкілдік етуге міндет жүктейді. Әр елдің өз ерекшелігіне сәйкес – конституцияларында көрсетілгендей баптары бойынша арнайы міндет, жекелей жұмыстарды да қосымша атқарады. АҚШ-та вице- президент кезінде Сенат палатасын басшылық етумен бірге дауыс беру сатысында жақтардың пікірлері тәжікеден асып теңескен жағдай туындаса оған шешуші дауыс бере алатыны жөнінде заңдық талаптағы баптарда айқын көрсетіледі. Ендеше тауыриһаттағы бір кезеңде оған осылайша заң белгілейтін құқық та бұйырған.

Вице-президенттің сайлану ерекшелігі әр елде әр қилы мәнде, өзгеше. АҚШ-та Президентпен бірге бір партиядан аты ұсынылып сайланады. Кейбір өңге елдерде Президенттің ұсынысымен вице-президентті парламент сайлайды. Кейбір елдерде Президент өзі тура тағайындайды.

АҚШ-та Вице-президент Жон Адамстан: Джей Ди Вэнс 50-шіге

АҚШ-та вице-президенттің институциялық құрылымы 1789 жылдан бері конституциясы бойынша белгіленген. Бүгінге шейін 237 жылда 50 вице-президент міндет атқарып келеді. Алғашқы заманда өз ата заңын жасаған кезінде айтарлықтай маңызды емес деп бейжай қаралған вице-президент АҚШ тарихындағы атқарушы билікте ең ықпалды тұлға есебінде танылған. Президент Жорж Вашингтонның (1732-1799) қол астында міндет жүктеген қажырлы саяси қайраткер  Жон Адамс (John Adams 1735-1826) еді.

Жорж Адамс Вице-президент болған 1789-1797 жыл аралығында 8 жыл бойы өз қызметін өжет өтеді. Ол кезде Жорж Адамс 54 жаста ғана болатұғын. Саяси қайшылықтар өрттей өршіп күрделі дағдарыстар орын алған жылдарда – осынау ақылды саяси қайраткер бүкіл АҚШ-тың салмағын жеңілдетуге бар күшін салды.

Дүниежүзілік ІІ қанды соғыстан кейін саяси ірі деңгейде вице-президенттің заңды құқығы және шамалы үстемеленіп: Президенттің ең жақын кеңесшісі, сыртқы қатынастағы өкілі деген міндетті де жүктеген-ді. Бүгінгі таңда АҚШ Вице-президенті Ұлттық қауіпсіздік хақындағы геосаяси тығыз жағдаяттары жайындағы заң қараларды қайта қарастыру, талдап, пысықтаулары бойынша Президенттің ішкі, тысқы саясатын Конгресске түсіндіру, т.с.с. жоғарғы құзыретті органдарға шеберлікпен жеткізу, қадағалау,бекіттіру жолында аса маңызды міндеттер атқарады. 

Бүгінгі АҚШ тарихындағы 50-ші реткі Вице-президент Джей Ди Вэнс (J. D. Vance – Джеймс Дэвид Вэнс).Капиталдық тәуекелді кәсіптен мінәсіпті ірі саясатқа жеткен 42 жасар талантты жазушы. Әлемнің бір шетіндегі әйгілі АҚШ-тың атақты Аппачи тау қойнауларын мекендейтін бұратана кепшіктер мен мұңлықтардың байырғы атауына арнап – «Hillbilly Elegy» («Элегия хиллбилли») туралы автографиялық жазбасын жариялады да соңынан осы жүлгеде кинофильм жасады.

Қазақстанда Вице-президент Ерік Асанбаевтан Ерлан Қарин 2-шіге

Қазақ Елінің мемлекеттік тарихында Вице-президент  бұрынғы 1991-1996 жылдары Ерік Мағзұмұлы Асанбаев болса – Тәуелсіздіктің 35 жылында екінші рет Қазақстан Республикасының Вице-президентіне қоғам қайраткері саясаткер Ерлан Тынымбайұлы Қарин болды. Қарапайым мұғалім, қайраткер саясатшы, тарихтың ұқыпты жоқшысы, көсемсөздің зергері, бітік жазу һәм тас бәдізінен ілім жинаған білімгердің әлденеше кітаптардың авторы екенін білеміз. Солардың бірнешеуінен тілге тиек етуге болады.

«Балбал тас. Орхоннан Каспийге дейін» (2013) еңбектің ең қызықты жері – Моңғолдың кәрі Орхан деп аталатын дарияның сағасынан қарт Каспийге дейінгі тас бетіндегі бәдіздер мен бітіктерді камераның кескінімен тамаша сызып береді. Зерттеу жұмыстарының тұжырымдамасын қаншама фотосуреттермен дәйектеп, арнайы ғылыми сапарлардың баяндарын арнайы кітапқа топтастырған. Осынау қасиетті даланың сәтті сапары, ұлағатты да салауатты жолдардың ара-арасында ұлттық зооморфтық ою-өрнектерді де саралады. Сонау сан ғасырлық заманның мұралары болған – соғыс құралы садақтың түрлі-түсті жебелерін құнттап, ұлттық мұрағатқа беруі де саясаттанушы Ерлан Қариннің қолынан келген іскерлік.

Тарихи-әдістемесі әйдік, ғылыми тұжырым, ұрымтал талдаулары өте ұқыпты көзделген карталардың «ескірген көзі» бойынша ғылыми тұрғыда әбден сарапталған еңбегін Галина Ксенжикпен «Қазақстан тарихына қатысты XVII-XX ғасырдың басындағы картографиялық материалдардың жиынтық каталогы» (2023) деп атайды.

Бұл тарихи еңбекте Қазақтың ұлан-ғайыр сайын даласының бедерлі белесін, Қазақ хандығына тура тиесілі егелі ел шекараларының сызығы, олардың ғасырлар уақытына қарай сайласып өзгерулерін, көне карталардың жымдары арқылы зерттеуге ұсынған. Ауқымы жағына өте кең тағылым тауыриһаты: XVII-XX ғасыр һәм бұқым 322 жылдық нешелеген кезеңдерді (1558-1910) шейінгі аралықты қамтитын құндылықтарды жүйеледі. Геосаяси жағдайдың кеңістігіндегі нәзік мәселелерді көрегендікпен қырағы байқап, бажайлай алатын біртұтас елдің серкесі Вице-президенттің болғаны Тәуелсіздіктің баянды жасауына сеп болары хаһ.

Сиқырлы цифр мәңгілік өмір бар екенін сезесің...

Көп сериялы үрейлі кино емес – өмір күрделі жұмбақ, адамның ғұмыры деген одан да күрделі жұмбақ көрінетінін қайтерсіз!?  Мәңгілік өмір сүріп жүретін жандар туралы ойласаң тағы да бір ойдың шүңетіне сүңгіп кетесің...

Орыстың Ұлы ақыны Александр Пушкиннің «Пиковая дама» «Қарға ханымы» (1834) деген мифтік аңызға негізделген мистикалық ерекше бір повесі бар... Шығарманың кейіпкері жігерлі жас  сардар (офицер) күйзеліске ұшыраған  Германның қолындағы  құпия үш көзірді (үш, жеті, тұз) ұтып алуға оның жұмбақ әрекетін ашып білмек болады.  Осы жұмбақ сырдың ішкі сырын һәм шешімін  білетін кәрі княздің жұбайы (княгиня) қапелімде шошытып өлтіреді.

Бұл туынды өте сиқырлы дүние қарғаның мәткесіндегі сенім бүгінгі біздің өмірімізде де көрініс беретіндей... Осы ғажайып сиқырлы туынды соңыра орыстың сазгері Петр Чайковскийдің атақты «Пиковая дама» операсына  (1890) негіз болды.

Францияда Людовик XV дәуірлеген тұста аңыз болған ежелгі осы сері Граф Сен-Жермен (Le Comte de Saint-Germain)  шамамен 1690 немесе 1710 – 1784 жылдары арасында өмір сүрген болуы мүмкін тылсым жұмбақ ғұмыр. XVIII ғасырдағы Еуропадағы ең жұмбақ әрі мистикалық тұлға делінеді. Бірақ, оның нақты  шығу тегі мен кім екенін дәлелдейтін нақты есімі әлі күнге дейін беймәлім.

Бұны сол замандағы түземкезбе ғаламдық қыдыр дарыған саяхатшы деді. Тіптен білмейтіні жоқ Архимед сықылды суб өнертапқыш ретінде ардақ тұтты, ел арасында сәуегей мәмілегер деп сөзін тыңдады, өте керемет музыкант деп жанкүйерлері ерекше пір етті, мыс пен көк темірді алтынға айналдыратын алхимик. Тіпті өшпес, өзекті ғылымға, өрнекті заңға  бағынбайтын тылсым күштердің ырқындағы, тұмса табиғаттан өзге құбылыс – оккультист деп жорамалданды.

 Ол бірнеше тілді (соның ішінде латын, араб, қытай тілдерін) еркін меңгерген ділгер деседі. Граф Сен-Жермен туралы өзге де ұқсас деректер іздеп көрдік. Көп екен. Әсіресе «Граф Сен-Жермен: бессмертный алхимик или гениальный обманщик?» деген сөлі бар сараптама да өте қызықты. Әлемнің бес тілінде  сөйлейтін өрен мәмілегер кемел тұлға бізде де бар.

Мұндай жан иесі сонау Қобда бетіндегі қазақтар арасында өмір сүрген-ді. Есім-сойы Әмзе шайқы Қошайұлы (1893-1957) жайлы ерекше аңыздар бар. Ұшқан құс, жүгірген аңды көлік қылып жүре беретін құпиясы тым тереңдегі әпсаналық зооморфтық жұмбақ кейіпкерді ел-жұрт ұмытқан жоқ. Жұрт ол кісіні – «Шайқы атаң» деп тергесе керек.

Джиталь «ЖИ» жаңару

ЖИ деген қасымызға жетті. Түбімізге де жетеді. Оның қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік және деректерді қорғау тістің ауруы болды. Күш бермейтін долбар, еш бақыланбайтын, бағынбайтын (ЖИ) жасанды интеллект адамзатқа қатер төндіруі әбден мүмкін дейді. Әзірге осы ЖИ-ді басқарудың ұрымтал тетіктерін әзірлеу, жасау оны қолданудың қажеттігіне қатты кірісіп жүрген бір танымал сарапшы бар. Есім, сойы Роман Владимирович Ямпольский 1979 жылы Латвияның Рига қаласында дүниеге келген – жаңа ЖИ осы замандық компьютер ғылымдарының әйгілі білікті докторы, жасанды интеллектінің ерекше қауіпсіздігін санаушы (AI safety) саласындағы жімілеәлемдік жетекші макман. Ол өте нәзік талшықты сымдық жүйенің әулие зерделісі машықтанған зерттеушілердің бірі және АҚШ-тағы Луисвилл университетінің (University of Louisville) профессоры әрі киберқауіпсіздік зертханасының жетекшісі дейік. Соның тұжырымы бойынша бұйырса біз де осы ЖИ үлгілі пішіннің ішіне еніп келеміз. Енді еліміздің ISSAI ғылыми орталығында жақсы ізденіс жасап жүрген Нұрхан Лайық қатарлы жастарына сенеміз. Өзге жол жоқ. ЖИ бағдарламалау және ІТ саласында өте жақсы ізденуші Machine Learning (NLP) Computer Vision инженері Атабай Зияден (Зияден Атабай Арманұлы) шеттегі ешкімнен кем емес. Қазақ жастары шет елге ауып аутсорсинг болуға болмайды енді.

Батыл қадам

Ойдың күші пілдің кежегесіне мінгендей кегжиіп жүретін кейде кейуени бейнелерге кедірең кездесіп қаламыз. Шетелдік дипломның атағы мен оның арғы  дақпыртты көлеңкелі жағына жасырынған шалағай қорқақтар көп. Болар ешқашан «болашақ» бола алмайды. Бүгінгі болашақ мүлде өзгеше өмірдің арасынан «өзін» ізденіске қайталап әкеліп, джиталь бизнестің жолын таппаса қиын болатын түрі бар. Біздегі жаңа агробизнестің өзін ұлан-ғайыр құнарлы жер бере алады. Табу да табысу деген үздіксіз жұмсалатын уақыттың заңды жемісі. Шетке барып уақыт жоғалту, алтын уақытты ысыраптау қандай қасірет!? Марсель Пруст (1871-1922)  өз өмірінде  7 томға шендескен 3000-ға жуық парақтан тұратын  «Жоғалған уақыттың ізімен» (À la recherche du temps perdu) жалпы ғұмырдың жарты сүгіретін салуға атсалысқаны бар. «Матрица» (The Matrix) 1999 жылы түсірілген фантастикалық кинофильмінде адамдардың көзін қапасқа байлап, санасына қойылған ЖИ. Мәшине мен адамның болашақ қансыз «шайқасы» қуат (энергия) тауып алу үшін санасына орнатылған компьютерлік жүйе туралы. Мақсаты, хаһилық пен жалғандықтың күресін айқындау болған бастапқы.

Инновация (innovation) жаңа өнім табу үшін батылдылық керек. Қазақ даласының климатының өзі мал өнімдерінің қажеттілігінің көзін ашып бергелі қашан!? Ашкөзділіктен туған жасанды әрекет мотивация қажетсіз. Егерки соңғы кезде әлемдік  деңгейдегі ең ғажайып басылым «The Wall Street Journal» (Уолл-стрит джорнал) секілді бір газеттің бетіне шамалы үңіліп те көрмеген ешқашан рескллинг (reselling) деген ұғымды ұқпаған өзі өрескел тоғышар  шала сауатты біреулерге бүкіл рухани әлемнің түгел бөлігі күмәнді... Ендеше әйтеуір «аспаннан аяғы салбырап» түсіп, ақшаға оранып-шымқанып келсе де бүгінгі джиталь жаңару деген түрен оларды да ойыншыққа айналдырары сөзсіз.

Жасанды ет – «ЖЕ»

Ауадан жасалған жасанды етті жей бастадық. АҚШ, Англия, Аустралия, Финландияның компаниялары өзара саудаласып жатқан жасанды дүние немесе ең қажетті органикалық зат, тірі ағзаның жасушалары мен тіндерінің құрылатын ақуыз ауада бар екен!? Құдайдың құдіреті!? Air protein деп аталатын жылбысқа жасушаларды қайта өсіретін жаңа құрамды технология. Ең негізі ең жеңіл химиялық элемент сутегі (Н) (H₂) және тірі ғаламның тынысы, ағзалардың жаны өңсіз, реңсіз, иіссіз оттегі (О) (CO₂ Carboneum) металсыз химиялық элемент, сонымен қатар жер деген құдіреттің ауақабаттарының түссіз, иіссіз,, нәрсіз газы азот N (Nitrogenium). Осы қасиеттерді сорғызып алып ұйыту арқылы жасанды ет шығаратын болды. Өткен 2022 жылдан бері осы ет тағамын саудалай бастаған компаниялар арасында аса қызғанышты бәсеке туындайтын сыңайда. Алпауыттар осылай жеткен жетістіктерін қорғау, қыруар пайда табу үшін шағын кәсіптердің көзін құртатын жағдайға барып жүр.  Енді дәл осындай тәсілмен жанармай жасалып жатыр.

24=13

Қатарынан қағынып шетке лағып, ауып кеткісі келетіндер текке «ойбайлап» шерлерін, заһарларын жазады. Бұлар аутсорсинглер емес мүлде өзге атауға ие алаяқтар. Екіге бөлінеді – біртұтас қауымды азғырады. Бір ұлт екі екі қауымның бір бөлігіне шеттен ие болғысы келеді. Қазақты мансұқтау арқылы оның ұрыһаянатын өзінше кепілдікке алуға бейіл. Мүлдемге «менің айтқаным болады, мүбәдә болмаса сен де жоқсың» деуге тықсырып келеді.

Олар сәнді киініп, сахнадан, мінберден өңештеп, фитна көтеріп көпірсе де өлең оқыса да бір тырнағы ішінде сұмырай кейіпте қала береді. Осы кезде қайдағы заманғы Пифагорға ренжисің... Аруақтың мәңгі екенін, жанның қайта туатынын дәлелдейтін «жатыр» теоремасы һәм «Құдайлар адамды жаратқанына өкінді ме, жоқ, әлде адам құдайларды жаратқанына өкінді...»!?

Логикаға бағынатын немесе ешқашан бағынбайтын тірлікті «өмір» деп атайды. Біз сынық сүйем теоремасын да білмей жақсы сезінбей келдік. Білсек те анау-мынау мыжғылаған аудармасымағымен долбарладық.

Абай: «...ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, әр нәрсеге өзіндей баға бермек...», Кейде кешкі тұмша меңіреу түн бола тұрғаныңнан да кейде ешкі туша бақырауық тұмса болғаның әнтек дұрыс сықылды. Бұлданады өз маңайынан. Басқа елге барып сұлтан болғысы келетіндерге құп! Жол шығыны, рұқсатнамалары мен  визасы қолжетімді болсын! «Қыз Жібек» эпосындағы Базарбайдың теріс батасы тиісін дейік пе!?

Егер бұларды шақырып, аңсап, еңіреп сағынып шырқырап зарығып, құмары қанғанша тұмарлап күтіп отыратұғын ағайын-тума елдері болса (useful idiot) құба-құп. Уақыт кешеуілдетпей кете берсейші. Жаңа Қазақстан деп еді жатқырған лақаптар тарады: «жаман», «жарымаған» тағы да бірдеңелер!? Енді өзге «жақсы жұрт» керек емес болса... табаныңды жалтыратып ұзай бергей «сөнгелі тұрған шырақ». Айнаға қарап тұрып өз бетіне өзі түкіргендей қылық... Дүниеде жаман болса да жұтақ болса да бәрібір:  біз үшін Орта Азияда ғана емес бүкіл жіміледе Қазақстан жалғыз.

Болат Атабаев: «жаман Қазақстанды есігін бір серпіп тастап кетейін десем: есігін теуіп кіретін басқа Қазақстан жоқ...» депті. Оһ-о-о-ой! Дұрыс байлам, қысқа болса да жетесі мығым, түзі өткір, тұтамы құлаштай ұғым.

Тіреу бақан – біреу ғана

Алыстан мұнартқан асқан бүліктің технологиясы  мен зымиян саналы, сан түрлі стратегиялық тәсілияттары көп. Шиеленісті интригалар бүркеп жауып жатыр.Тұмшаланған елдерде бар ішінен.  Бұрынғы соц ілім мен бүгінгі хаостық жүйенің арасынан өзін іздеушілердің шеруі әлемжеліде өріп тұр. Алакөлеңке шақтағы тартыстың тізгіні тек қана «өтпелі» уақыттың шеңгелінде. Ақылда дәрмен жоқ, шешімде кедергі көп. Рационалды логикада нақты хаһи растылық жоқ. Арман мен қиял тек өткенді ғана көксеушілікпен өтеді. Долы да кеудемсоқ жадсыз, арсыз жандардың догма нақылдарын тыңдай берсек не болар екен осы болашақ!? Улану деген тек химиялық түтенген газда болмасын білдік пе!? Тарихи бұрмалаушылықпен улану деген адамзаттың өз болмысының «өнімінен» екен. Ресейдің әйгілі сәуегейі Ключевский Василий Осипович (1841-1911)  –  «Тарих адамзатқа еш нәрсе үйрете алмайды тек қана тарихтан сабақ ала алмағандарды жазалайтын әрекет» дегені еске оралады. Оның қатты да қанатты сөзіндегі «біздің тауыриһат тек ғана хандардың ғұмырнамасынан өзгеше әрі қаймана халықтың өз тұрмысына негізделген адамзаттың өркенінің нәтижесі» деген аталы өсиет сөзі тағы бар.

Ксенофобия

Тауыриһатта табасын қанмен қандыратын дәурен де біржолата өтіп кеткен. Антисемитизм – қанды өшпенділік, ұлттық кемсітушілік, діни көзқарасы үшін тәлкектеудің сұмдық зардапты түрі өтіп жатты. Ксенофобия (xenosphobos) жатсыну, жатырқау, сезікпен сенбеу, қорқу үшін жасалатын жаман әркекет. Адамзат бірін-бірі тек қана сенбестікке сүйреді, ашты араздықпен заһарлы өшпенділікпен өзіне қарсы санағанның бәрін тірідей отқа жақты.

Дүниежүзілік ІІ қанды соғыс кезінде фашистік Германия мен Польша аумағында салған ең ірі әрі ең қанды тікенді концлагерьлер мен өлім лагерьлерінің жүйесі немісше атауы Аушвиц немесе Освенцим түрмесі болған-ды.  Адамдарды өртеп өлтіру зауыты. Бүкіл аумағы шамамен 170 шаршы шақырымды құрайтын қанды шеңгелді концлагерде 1,5 млнға жуық тұтқын қамалған. Олардың түгі қалмаған 1.5 млн-ы өртеліп өлтірілген. Күн сайын Аушвицтің 30 пешінде 5000 адамды «циклон б газы» арқылы өртеп отырған. Ал адамдардың күлдерін егіс алаңдарына тыңайтқышқа пайдаланған. Германия Концентрациялық лагерьлерінің гитлерлік үрейлі жүйесі Бухенвальд, Дахау, Заксенхаузен, Ораниенбург қатарлы лагерлер оның қасында санатори секілді болды десек пе!?

Бұл енді ежелгі аборигендер арасында да болмаған қатыгездік болуы керек. Тіпті жер тарихында болған мегалодондарда да болмаған үрейлі үркін.

Өзінің жақсы игілігін өз көзімен көре алмайтын халге жету де қатерлі дерт. Қар үстінде қарыққан көздей жасаурап, жыламсырап жүретін өтпелі өткелдегі қараң сәттің түгелі осы өтпелі шақтан өшпенділігі басталады екен саяси ғұмырдың кейбір кездегі жалпы сыңайы сондай ауанда.

Адасудан жад ашуға шейін

Баяғыда біз Сұлтан Қожықовтың (1923-1988) лиро-эпостық «Қыз Жібек» кинофильмін (1970) шет елде жүріп көргенде ішкі адасу мен түйсік пен жадымыздың ашыла атмосферасының айпарадай бергенін тура көргендей едік. Таразда туған Сұлтанахмет (Сұлтан) Қоңырқожаұлы Қожықовтың қылыштай 47 жасы екен. Шетте жүрген сан мың қазақтың санасын сал ұйқыдан оятқан Төлеген (Құман Тастанбеков), Жібек (Меруерт Өтекешқызы),  Бекежан (Асанәлі Әшімов), Шеге (Әнуар Молдабек) қатарлы кейіпкерлер болған. Соның ішінде Әнекең һәм Әнуар Молдабектің рөлі ерекше еді. Осы кинофильмнен алты жыл бұрын Кеңестер Одағында бір туынды болған еді.  ЦК КПСС күн бермей тұрғанда ресейлік өте өжет режиссері сценарист өзі көне киевтік текті Григорий Козинцевтің (1905-1973) «Гамлет»-і. Бұл туынды екі түрге бөлінген әлемнің басын біріктіріп қосқан сәті. Әмбесінде ұлы Уильям Шекспир шығармасының жаттанды жай, әдепкіден ерекше экранизациясы еді дейді әлемдік өнер сарапшылары. Режиссердің 59 жасындағы толысқан шағындағы толыққанды туындысы. Сұлтан Қожықов пен Григорий Козинцевтің шедевр шеберлігі маңайлас. Ал, Гамлеттің образын аса кішіпейіл мейірбан, күшті ғұлама есебіне жеткізе сомдаған Иннокентий Михайлович Смоктуновскийдің бүткіл атағы Венецияда ұмытылмас дүбірлі марапатқа ие болды. Демек, біздің «Шеге» мұндай атаққа ие бола алмаса да көшпелі өркениеттің керемет бекзаттық аяулы көрінісі ретінде күні бүігінге шейін өз ішімізде өмір сүріп келеді. Біздің ішімізге өшпестей адасулардың түрін сырттан салып берген сыңарезу идеологияның жарылған уақытын осы екі фильмнен көргенімізге де шүкір!?. Сол бір 1970 жылдардағы қатты іштей адасудан құтылып, жадымызда қатты ашылудың нәтижесі бізді бүгінге жеткізіп берді.

Homo sovieticus

Жіміле заманда кез келген жүйеде әйтеуір бір ағат ақаулардың болуына талас жоқ. Заңды да олай болар оңайсыз да қолайсыз хаһи ахуал. Алыс шеттен енгізілетін «еркіндік, жариялылық» және аңыздағы ұдай сықылды  «жұмақ демократияны» аңсап, батыстан бақыт  іздеушілерді қолдайтын, қоздыратын бүлікшіл барлаушылар өте белсенді әрекеттер жасайды әрине. Онсыз өзгеге өшікпейтін империялар өмірде болмаған. Ақпараттық шабуылдар, сошиал (social), ықпалды немесе жалдамалы көкірек блогерлердің көзін қолымен қалқалап, көмейін қолабалап жемдеу арқылы ұлттық қауіпсіздік пен Ұлы Тәуелсіздікке қауіп-қатер төндіретін тіптен өте мүмкін де жайлар аз емес.

Жұрықы нашар, ниеті жаман қатерлердің алдын алатын кез келеді қашанда бір. Тек көрегендікпен сақтану ғана құтқара алады бұдан. Бәрінен зәресі ұшып қорқатын, әйтеуір қалай болса солай шұлғи беретін жалпақшешейлену де керек емес секілді. Болымсыз ғана сарамазақы, саяси маразм дерті жұққан ұмытшақ, тіпті ұрыншақ билік болса ол бәрінен айырылуы мүмкін!?

Ошағына оралу

Александр Солженицин  «Архипелаг ГУЛАГ» (Бас лагерьлер басқармасы) деп безіп кетті де кейін қайта оралды. Нағыз бақыт – өз үйіңе, өз кеңістігіңе оралу деген осы ма!? Солженицин сол жақта диссиденттер қатарында қаңғып жүргенде оған барынша  ара түскен, сүйеу болған  немістің Ұлы жазушысы Нобель сыйлығының иегері Генрих Бёлль болатұғын.

Менің бір досым да өткен жылы ма, одан ары ма, әйтеуір маған суыт хабарласады, сөзі мен кейпі біртүрлі. Утсапқа жекеге жазыпты: «...мен кеттім мынау жемеңқор  қағазстаннан, тозақтан қашырып ең жақсы әуе кемесіне отырдық. Алдымызда Ұлыбритания күтеді бізді. Жарқын болашақ һәм жасасын еркіндік! Бай, бай!?..» Одан кейін түрлі смайлик! Әзілі деп жұбаттым өзімді. Көңілім біртүрлі құлазып қалды әйткенмен де! Апырай,ә!? Уайымдап лоблығып жүргенде он неше күн өтті. Бір күні досымнан бір хабар жетті. Ол айтады: «...нағыз жұмақ менің Қазақ елім және менің жерім Алатауым мен салқар Сарыарқам екен...» дейді... Себебі, ол Ұлыбританияда жүргенде бір күні түсінде тозақты көрген. Табанының астында балқыған от бұлақтар ағып жатыпты... От ішінде адамдардың кілең мөлдір көздері шыжғырылып жанып жатса керек...  Қатты шошынған... Содан не керек дереу ұшаққа билет тапсырып киелі Алматыға қарай қайтқан... Келген күні түсіне жұлдызды жұмақ кірген!? Түсінде Алатаудың биік шыңында ұшып жүрген екен... Шөлдеген секілді. Төбесінен төнген күннен баданадай кәусар тамшылар тамады. Мейірі қанғанша жұтып жатып оянып кетеді... Жұмақтың тамшысы...

О, құдірет! Радиодан этно-фольклорлық музыкалық топ «Әгугәй» ансамблі былайша ән шырқайды – «...айналсаң да әлемді – туған жерге жетпейді...»!?

Арпа-бидай ас екен, алтын деген – тас емес

Кейде асыра сілтеушілікпен өзінің баспанасын қорсынып,  туған түтіні мен тұтанған ошақтарын жек көретіндерді жолықтырып қаламыз. Әрине жан басына шаққанда ЖІӨ-нің деңгейі жағынан жердегі «жұмаққа» теңелетін елдер болуы мүмкін. Осынау 2026 жылқы жылы жан басына шаққан кіріс мөлшері $154 000 жағынан Люксембург және Ирландия, Швейцария дейік... Тіпті экономикалық көрсеткішімен алда келе жатқан алпауыттар АҚШ, Қытай, Германия, Жапонияны аңызға балауға болады. Қазақстан осы өлшемдердің тең ортасына жетті бұйырса. Болашақта һәм көкмойнақтаған мемлекет шынтуайтында әлемдегі 49-шы орында тұрған ел. Қаншама жек көргенмен қырық тоғыз деген санды санды теріс қаратып,  керісінше жағынан «94-ші» деп оқуға келмейді!? Италия мен көне La Città Eterna Римнің ортасындағы жан саны 800 ғана Ватиканды да ел деп туын желбіретіп мадақтайтынын білеміз. Ватиканның түбі жеті құрлық жер шары – жіміле әлемнің уысындағы 8 млн католиктердің жүрегінде жасайтын жалғыз Елі.

Тапшылық тағы да дерттен қиын

Тапшылық, қорлық туралы дүниеде небір түрлі үрейлі жазбалар бар. Дүниенің түкпір-түкпірінде мұндай нашар тұрмыстағы елдер де аз емес. Әлемдегі ең кедей елдер қатарына Шығыс Африкадағы Ніл дариясының батпақты көбесіндегі мұнайлы Оңтүстік Судан (11 млн халқы бар, ЖІӨ бойынша жан басына шаққанда (жбш) 455 доллар), кофе мен шай өсіретін Бурунди (ЖІӨ жбш 916 доллар) және алтын мен алмасқа бай Орталық Африка Республикасы (ОАР)  (ЖІӨ жбш 1132 доллар) кіреді.Жері бай, мұнайы бар. 5-10 миллион жан саны бар елдерге не жетпейді)? Бұлардың нақты себептері туралы сансыз жорамалдар бар. Әсіре әкімгерлік авторитарлық сотқарлық жүйемен енген қыспақтар, діни сепаратизм салдар, қарулы қақтығыс, жаугершілік, сыбайлас жемқорлық, ұйымдасқан аса ауыр қылмыстар, экологиялық апаттар, індеттер, дөрекі алпауыттардың қысымы т.т.

Кедейшілік һәм міскіндік

Үндістанның БРЕМ ЧАНД (Munshi Premchand 1880-1936) өз аты Данпат Рай Шривастав (Dhanpat Rai Srivastava) Хинди және урду тілінде 300 астам  әңгіме жазған. Кезінде «романның падишаһ қағаны» атанған. Кедейлікті, зобалаңды, әділетсіздікті, ұлт-азаттық көтерілісті, тәуелсіздікті жазды.

Әдеби лақап атымен танылған осы заманғы Үнді әдебиетінің атасы Премчанд дейтін керемет жазушысы. Шын аты Данпатрай Шривастава. Хинди мен урду тілінің шын шебері, ұстаз болған білімдар тақуа. Нақтысы 13 роман 300 астам әңгіме жазғанын айттық. Қазақ әдебиетінде 17 роман жазып қалдырған Ілияс Есенберлин бар.

Кедей ауылдағы тегі жарымаған жалаңаяқ жұпыны жұтаңқы шаруалар мен күнқақты диқандардың отбасында туған тірі жетімек туралы. Шешеден ерте. әкеден де тым балаң жастайынан айырылған мұндардың ит тірлігі ересен болған. Ол «мен отаршыл билікке қызмет етіп жүрмін» деген дүдәмалды ойдан арылмаған мүлдемге бөгде саналы пенде.

Алғашқыда қысқаша әдемі әңгімелер жазды (1901) соңынан аса шабытпен «Рухани күйзеліс» атты романын жазады. Алайда бұл романды отаршыл үкіметі саяси көзқараспен түртпектеп тәркілеп, тартып алды да отқа өртеп жібереді де, жазушының сары ізіне шөп салып соңынан қудалай бастайды. «Тәрбие ордасы» атты екінші романында осыған қатысты сюжеттері бар..

Брем Чандтың «Кедейдің қасіреті» романы оның шығармашылығының шыңы саналады.  Ағылшын, хинди тілінен Батун текті Жамсрангийн Гэндэндарам моңғолшаға аударды. Бұл туындысында ол жұпыны ауылдағы тұрмыс баяғы феодалдық таптың қатынастары, үстемдік капиталистік қоғам қалыптасып келе жатқан дәуірдің шынайы көрінісін суреттейді.

«Әдебиет пен жазушы», «Әдебиет пен қоғам», «Романның мазмұны», «Әңгіме туралы толғаныс» сияқты әдебиеттану туралы толғанысқа толы еңбектері тағы бар.

АҚШ-тағы «жаңа сын» (New Criticism) мектебінің негізін қалаушылардың бірі сыншы Роберт Пенн Уоррен (Robert Penn Warren, 1905–1989) үнді әдебиетінің көзқарақты данышпанынан үлгі алғаны бар. Демек ол өңге әңгіменің жалғасы болмақ. Хош!

Бұдан да қалыспайтын бір шығармасына Дүниежүэлік ІІ қанды соғыстан кейінгі неміс әдебиетіндегі өте «қарапайым адамдардың» аянышты тағдыры мен өтпелі өмірінің түрлі түрендерін сөз өрнегімен үлбірете кестелеген, Бұл үлкен жүректі қаламгер «халықтың үні» атанған немістің Ұлы жазушысы Нобель сыйлығының иегері Генрих Бёлль (1917–1985) еді. Ол, бүкіл жандүниесімен әзиз адамгершілік һәм қатігез нацистік жауыздық, фашизмнің шын қасыреттік тауыриһатын суреттеген талант еді.

Старт-ап ұлты (Startup Nation 2009)

Енді ХХІ ғ. кедейлік, тапшылық жоқшылық туралы айтудың өзі ұят. Қайтсек біз инновацияны игеріп, игілікті технологияны басқарып жіміле әлеммен иық тіресер «Страна стартапов. История израильского экономического чуда» Старт-ап ұлты (Startup Nation 2009) бола аламыз!? Қиял емес, қианбұрыс дәуір келе жатыр.

Қайтсек біз осынау халықаралық сарапшылар секілді керемет құнды талдаулар миссиялы лепелер жасай аламыз! Төңкерістің демократы Николай Чернышевскийше – «Что делать?» (1863)!?

Қашан АҚШ-тың саяси сәуегейлері Дэн Сенор (Dan Senor), журналист Саул Сингер (Saul Singer) сықылдыларша мықты аналитиктерді тауып қолдаймыз!? Қолдағы шағын емес тәңір берген несібе, табиғи ресурстарды игеруге өз болашағымызды үйрететін әлемдегі ең ірі технологиялық «стартаптар ойынын» тамашалап емес таңдап талдайтын халге қашан жетеміз!? Қысқасы біз қашанғы кеңестің ескілердің аңыз кеңесін тыңдаушы ғана болып қала береміз!?  Жетеміз құдай бұйырса!

Cancel culture

Бұл ежелден бар ғадет. Дала өркениетінде де жоққа шығару мәдениетінің бір көрінісі ретінде қолданылған тәсіл... Енді осы заманда әлем желіде өте күшті қарқын алып бара жатқан ұғым, кейс. Бұқараның алдында кешу өтіну, ақталу, жауап жүктету мүмкіндігін қолға келтіретін бұрынғы замандағы дала демократиясына сіңіскен төрешілдік пен төбе билердің әрекеттеріне де келіңкірейтін шартты фактор. Саясаткерлердің қателіктерін әшкерлеу, немесе оған әдейі қарсы агрессиялық жақтарды «үрлеу», тобырды үдету, үрлеп қыздыру, (буллинг) «отқа май құю» оған көпшілікті (масс) қозғау, қоздыру немесе бітпейтін дау-шарға тартуға, ақпараттарды платформаларда жылдам тарату үшін  Cancel culture немесе кэнселинг әректі керек екен. Әсіресе танымал тағдырлы тұлғалардың бұрыс істеріне қарсы бұқараның наразылық құралы ретінде қолданылады. Алайда осы кезде көбінесе тарихи тұлғалардың беделін төгуге, әдейі саяси тапсырыспен қаралауға, әділетсіз жалалауға да қолданылып жүрген көрініс.

Имаш

Ұлы Қазақ Елінің Тәуелсіздік тұсындағы тірі аңыздарының бірі болған Иманғали Нұғалиұлы Тасмағамбетов Еуразиядағы ең ірі индустриялық өңір Атырау облысының Әкімі (1999-2000), Қазақстанның премьер-министрі (2002-2003), ең ірі мегаполис Алматы қаласының Әкімі (2004-2008), Қазақтың ежелгі атақонысы бүгінгі бас шаһар елордасы Астана қаласының Әкімі (2008-2014) қызметінде болған жылдары жүрген жерлерінде экономиканы суғарып барынша гүлдендіріп ДСҰ-ына (2015) өтуге ықпал етті деп ойлауға да негіздер бар. «Ауыл» бағдары, инфрақұрылым, жекешелендірудің бірсыпыра бұрыс кеткен тұстары дұрысталды, микро, макро деңгейінде шаралар ауқымды платформаларды жүйелеу науқандары суыт назарға алынды. Салық жүйесі нақты әрекеттері, ұлттық қордың жаңа бастамалары қолданыла бастаған-ды... Демек, тағы да қосалқы тағылымға тарихи мұра түгенделіп, байырғы мәдениеттік істер өз арнасына түскен... Бүгінгі оңды шешімдердің көбіне жол ашылғаны өтірік емес. Атыраудағы инфрақрылым мен газ, Алматыда қысқы олимпиада кешені – «Медеу», «Шымбұлақ» ғимараттары, әуелгі электрлендірілген теміржол көліктерінің күрделі шаруалары  метрополитен, даңғыл көшелердің жаңғырулары, «Мойнақ СЭС-і», жылу мен қуат қатар: Астана басқаланы да басқарған кезінде әлемді шарпыған доллар дағдарыс кезінде таңғажайып табандылықпен киллзоналық (kill zone) ұтымды тәсілмен қаржының нарығында аса сақтықпен шебер іс-әрекет жүргізе білді.  Имаш біздің Тәуелсіздікке қарай бет алған өліарадағы өтпелі кезеңде өте тиімді саясат қолданған инфрақұрылымдардың ысылған іспары деп мойындалуы тиіс тұлға!

Қазақ Елінің инновациясы, рисклерді (кілтең) басқару, түрлі кедергілерге жаңа тәуекелділікпен венчурлық (venture) қажетті қуатты рухани бастамалы технологиялық тиімді әрекеттерге қаржы құю жағына көңіл бөле бастағаны да анық. Бүгінгі жетістік пен нәтижелер болса ол, – осынау ошарлы жылдардың жемісі.

Есілдің сағасындағы Астана өзге тарихи көне кент қалалардан ойлағанда сүт тісі тісемеген бөбек кент. Астана мен Алматыны Еуразиядағы ірі қалалармен салғастыруға сәл ертерек болар. Демек, бас қаланың мэрі болған темірдей тәртіптің рәмізі Иманғали Тасмағамбетті көрші екі елдің мэрлерімен салғастырар болсақ несі бар, түк те артықтығы жоқ.

Көрші Ресейде Мәскеудің мэрі Сергей Собянин 2010 жылдан бері 16 жыл бойы бұрынғы ортағасырлық көне керім, кешегі кеңестік алтын кремльді  қаланы басқарып келеді. Ежелгі көне Танау (Обь) біздің жерден кеткен Ертістің жағасындағы Түменде (Тюмень) 1958 жылы туған талант. Хант-Мәнсидегі фин-угорлар тұратын Көгаліңді басқарған Сергей Собянин жап-жас жігіт кезінде. Мәскеу осыдан кейінгі кезеңде орасан өзгеріп келбетін келістіріп кеңейіп, өңейіп, төлежіп келеді дейді.

ҚХР-ның Янцзы дариясының көбесінде орналасқан Шанхай қаласының мэрі болған Чжу Жунцзи (1928-2026) алып қаланың экономикалық басқарылуын байыптаған өте қырағы басшы болды. Бұл кісінің өмір сүрген жылнамасының соңғы саны «8» цифрында әлдебір оқиғалар орын алып отырған. 1928 жылы өмірге келген, 1958 жылы партиядан қуылған, 1978 жылы ақталған,1988 жылы Шанхайға аса жауапты қызметке шақырылып, мэр болған, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бұрынғы премьері (1998-2003). Ол ҚХР мемлекеттік қызметіне келген кезінде экономика қаржы мен салық жүйесінің реформасын бастап ДСҰ-ына елін бейімдеген (2001) тұлға. Чжу Жунцзи қатаң тәртіпті ұстанатын көшбасшы болғандықтан «темір тегуірінді Бас уәли» атанғаны бар.

Тағы да Шанхай қаласының мэрі Гүн Жэн (龚正 - Гун Чжэн) 1960 жылы туған Сучжоу қаласы, Цзянсу-лық азамат та қаланың өркенін өрбіте түскен... ХХ ғасырдың 70-жылдары жай ғана саз балшықтан соққан кент Шанхай бүгін ертегідегідей!

Құдайдың мұнайы бар...

Бұрындары қазаққа құдай берген мұнайдың қорлары – «Қазақстаннефтегаз» (1991), «Қазақстанмұнайгаз» (1992), «Мұнайгаз» (1993), «Қазақойл» (1997) «ҚазМұнайГаз» (2002) болғанға шейінгі қыруар күрделі жұмыстарының біржүлге жүйеге түскен кездері осы дәуірге дөп келеді. Әлемдегі 110 елдің құзырындағы 700 астам ең ірі мұнай өндіру, өңдеу салаларының үлгісімен һәм Сауд Арабиялық Saudi Aramco (шамамен тәулігіне 3-6 миллион баррель мұнай өңдеуге қуатты) ірі зауыттарына ұқсас Қазақстандық мұнай өңдеу кешендері. Енді шикі мұнайды осылай өңдеумен қатар жағармай және мұнай-химиялық өнім жасайтын жүйені қалайда тиімді игеріп, әлемдік нарықта «қара алтын» етіп игілікке қолданудың өзі енді мінеки нәтижесін бере бастады. Расында бізге де осынау Рас-Таннура (Рыс-Таңнұры), Янабау (Жаңабай), Жәзан құсаған болашақ алып зауыттардың тағаны тартылып әзірлене жатар ләйім. Біз де бұйырса түтіні түзу түрмесі де жайлы Норвегия сықылды боламыз да.

Құдай жеткізсе әлі-ақ...

ХХ ғасырдың орта ширегінде Скандинавия түбегiндегі Норвегия деген ел осы мұнай газ саудасы арқылы өрескел үдеді. Мұнайы құдайдікі, игілік несібесі өзінікі. Жан саны 5 миллионға ғана жеткен жұрттың төрттен бірі ауылдық коммунаға иек сүйеп жырғаулы тұрады. Салықтың сары ноқтасы өте қиын еді. Бірақ, ЖІӨ-і мол болғандықтан халқы қабағат тоқмейіл. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 105,877 АҚШ долларына тең. Тууға арнайы мөлшерде салықтан түскен қаражаттан біркелкі бесікақы беріледі. Орта жалақы жылына 215 мың крона (1 АҚШ доллары 8,60 кронаға тең). Зейнеткердің бір жылдық зейнетақысы 27 мың доллар. Қазақстан сомасымен әр зейнеткер айына 1 млн 50.0 мың теңге алады. Бала туу көрсеткiшi жағынан да түгел еуразиялықтардан Норвегия ең алдыңғы орында. Несиенің пайызы тіпті төмен. Мұнайдан қағаз өнiмдерiн өндiріп, судан суэлектр қуатын да жасайды.

Димаш

ХХ ғ. дәуірдің соңында қазақтың ұлы даласында бір дәуірден оза туған, өткенінен бері ата-бабасы өскен Алтын Орданың кіндік ел-жұртын жіміле ғаламға қарай үдетіп, жаңа қазақ Елінің мерейін асырып жүрген Құдайберген Димашқа қалай риза болмассың!? Сайын даланың саумалды үні «Самал тау» әуені – «Самал тау, қайран елім, шалқар көлім...» ғаламдық әнұранға айналды. 

Құлсарының құлыны

Хертогенбошта сонау зау биіктен қаңқылдаған қайран қаз дауысты табиғи контратенор, «М. Баттерфляй» спектаклінде мәртебелі үздікке аспандаған һәм ғаламдық деңгейдегі сахналарда «Сәлім-Меруерт» есімімен ерен жасалған бір жұлдыз  Құлсарыдан ұшқан құсни саздың егесі Ерік Құрманғалиев те (1959-2007) жаратқан құдай, береген тәңірдің бұйрығымен қазақ әлемінің байрағын құс жолына көтерген ғайып!? 

Майраның әні

Қазақтың маңдайындағы тағы бір жарық жұлдызы опера әншісі Майра Мұқамедқызы. Академиялық опералық кәсіби машықты әнші, әртіс. Құлжада туған құдіретті құбылыс. Құбылысының құлыпы – Еуразиялық ерен рухты орта ХІХ ғасырдағы Париждегі ұлттық «Гранд операда» (grand opéra) «Ағажай Алтай...» зары болып ежелгі француздардың аспанында ашылған Майра. Джакомо Пуччинидің «Богема» операсындағы Мюзетта муза-ғұмырға пар сықылды аңыз, аңқыл Майра. Тұңғышқа лайық, осы ғаламдық табиғи тұма дарын, кернейлі әуезді де көкірегіне көктемгі таң дауысы түнеген тарлан талантымыз. Арда қазаққа бұйырған бұлбұл үнді опера әншісі. Әлемдік санаттағы санаулы сопранолардың қатарында. Майра қазақтың лирикалық меццо-сопраносы. Кіші октавадағы ең жіңішке ұлпа үн иесі.

Бізде әрине Калифорния штатына қарасты Маунтин-Вью қаласында туған Стивен Пол Джобс (Steven Paul Jobs 1955-2011) секілді тұлға жоқ. Демек, ондай тұлға бір туады қашанда.

– Apple компаниясының негізін қалаушы, әйгілі өнертапқыш және әлемдік биік мұратты бизнес-магнат Стивен Пол Джобс бағындырған болса біздің Димаш әлемді таңғалдырып келеді. Ол заманауи технология әлемін өзгерткен iPhone, iPad және Macintosh сияқты құрылғыларды жасауға басшылық етпесе де Құдайбергеннің баласы құдай берген үнімен бүтін бір әлемді шұлғытып, талдырып тастады... Сарыарқаның сағымды самалы құндағын жуған Димаш пен Құлжаның құдіретті әншісі Майра Мұхамедқызы бүкіл қазақты әлемдік өнер тұғырына қондыра алды. Алайда тағы да Ұлы Абайдың – «...жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңіндегі: «...қылт етерде дап-дайын бір жаласы...» деген шумақтағы жалалы кілтеңдер де осынау алып таланттарды айналып өтпей жүргені қиын.

Бүкіл дүние мұхитпен қалықтап...

«Super cruise» (супер круиз) кемелері 7 мыңдаған жолаушы сыятын, ішінде қабат (палуба) қонақүйлері, түрлі мейрамханалары және сәнді каюталары ғана емес, тамақтану, бассейндері толық жабдықталған саяхат кемесі дейді. Мұхит лайнері осынау – дәстүрлі жолаушылар кемесінің салмағы 100, 000 тонна. Ол енді баяғыдағы 1912 жылғы «Титаник» кемесінен де неше есе үлкен. Баяғыда 1914 жылы күйреген «Титаник» 52,000 тонна болатұғын.

Арқадағы Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы жан-жақты дамыған, экологиясы таза кешегі кеңестік атауына «шыншыл» Максимовка ауылы секілді, немесе осы ауыл алып кемеге ұқсас... Ауыл жолдары түгелдей асфальтталған, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары салынған. балабақша, поликлиника, мәдениет үйі, тасмонша және жаңа мұз айдыны (хоккей корты) бәрі бар қалашық түгелдей осы кеме тәрізді игіліктерге ұласып жылжып саяхаттап бара жатқандай! Ауылдың Супер Круиздің айырмашылығы: Сандықтау мен Максимовкада мал өрісі және төрт түлік түгелімен бар. Супер круизде мал түлігі де тіпті оның өрісі де жоқ... «Титаник» кемесі 1914 жылы күйреген болса жуырда 1983 жылы орнаған кеңестік Максимовка  түрлі түртпектен аман қалған түзем далада түйе жолының ізі қалған киелі кент. Болашақта Норвегияға ұқсас болуы мүмкін – Сарыарқаның сайын даласының бір мүйісі.

Бетпақдала орманды оазис болады

Дүниеде мүмкін емес ештеңе қалмасына көз жетті. Қытай шөл даланы жасыл алқапты болғызуды 1978 жылдан бері жасап келеді. Құм көшпейтін, жел соқпайтын, жаңбырды тартып алатын «жасыл қорған» керек дегенді олар ежелгі ерте кездегі дәуірден  сезінген. Ұзындығы 1000 қырым шөлейт даланың жасыл аймаққа айналуын адамзат көрді. Жунгоның дәуірінде.  Қазақтың ұдан-ғайыр далалары да ормандандыруға аса қолайлы. Орта Азиядағы Бетпақдала – Орталық Америкадағы Панаманың он нешеуі тіпті маған десе сонау Сент-Китс және Невисі және ергежейлі Лихтенштейн, Тынық мұхитқа тығылған құрғақ Нару мен жапандағы жалғыз арал Тувалу, кезбелердің елі саналатын Сан-Марино, Малдивімен, Микронезиядағы дауылды, жауынды Маршалл аралдары түгел кірсе де қыңқ етпейтін жұмақ ұйық, апайтөс көшпенді қазақтың кең даласы!

Астана қаласы өңірі де өте өрескел қарқынмен  ніл жасыл аймаққа айналып барады. Енді таяу кезеңдерде 75 мың шаршы шақырым аумақты ландшафты құмайт құмнан тұратын Сарысу мен Сарыарқа, Шу мен Балқаштың бел ортасына құндақ болған Бетпақдаланы түгел түңкелі орманды болғызудың халықаралық және ұлттық мегажобасын ұстанатын кез де жетсе керек-ті. Бетпақдала бір одашылардың жаза беретін шерге мұңайтқан жыры емес: орманды алқапты тыңайтылуы қаныққан құнарлы жерге айналады.

Есенғали Раушанов ақынның сексеуіл туралы бір керемет өлеңдері бар тұғын баяғыда. Ендеше сексеуіл сияқты құмға тұсау болар өте төзімді тарбақ талдар мен тораңғы, тобылғы, жыңғыл, ұшқат, алтын қараған, сылдыршөп сияқты шүйгін өсімдіктер енді табиғи жолмен күтімге жегіледі, күллі шөптесін аймақты тамшылатып суару технологиялары қолға келеді.

(жалғасы бар)

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *