Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

Жаңалықтар
view 28
news

Фото: Ресми дереккөзден

Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айыныңекінші жексенбісінде отбасы құндылықтарындәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күніатап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттіккорпорациясы еліміздегі неке қию көрсеткіштерінеқатысты статистиканы ұсынады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

2026 жылдың қаңтар-тамыз айларындаҚазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Оның жартысынан астамы жаз айларына тиесілі. Неке қиюға деген белсенділік жаз мезгілінде артып, дәл осы кезеңде көптеген жұп отбасын құру туралышешімін ресми түрде бекіткен.

«АХАТ функциялары 2023 жылғы 1 шілдеденбастап Мемлекеттік корпорацияға берілді. Соданбері біздің қызметкерлер шамамен 400 мың некетіркеп, 1 миллионнан астам туу туралы куәлікберді. Әрбір көрсетілген қызметтің артындаазаматтардың өміріндегі маңызды оқиғалар тұр. Сондықтан біз қызмет көрсету үдерістерінжетілдіруге, цифрлық сервистерді дамытуға, мемлекеттік қызметтерді азаматтар үшінбарынша ыңғайлы, қолжетімді және сапалы етугебасымдық беріп келеміз»,- деді «Азаматтарғаарналған үкімет» мемлекеттік корпорациясыКЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Еліміздің барлық өңірінде шаңырақ көтеріп, жаңа отбасы құруға деген ұмтылыс жоғары. Дегенмен, неке қию көрсеткіші бойынша іріқалалар мен халық тығыз орналасқан өңірлералдыңғы қатарда. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркеліп, мұнда 12 344 неке қиылған. Екінші орында Астана қаласы тұр, онда 9 074 жұпөз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеген. Ал үшінші орында 5 611 неке қиылған Түркістаноблысы тұр.

Биыл маусым айы неке қию көрсеткішібойынша көш бастады. Осы кезеңде 15 мыңнанастам жұп өз қарым-қатынасын ресми түрдерәсімдеді. Тамыз айында 11 761 жұп шаңырақкөтерсе, шілдеде бұл көрсеткіш 11 674-ті құрады. Жалпы, жаз айларында елімізде 38 мыңнан астамжұп отбасын құрды. Бұл 2026 жылдың сегіз айындақиылған некелердің жалпы санының жартысынанастамын құрайды.

Неке тіркеуазаматтық хал актілерінмемлекеттік тіркеу саласында көрсетілетінмемлекеттік қызметтердің бірі. Неке тіркеугеөтінішті тіркеуші органға тікелей жүгіну арқылы, электронды үкімет порталы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердіңмобильді қосымшалары арқылы беруге болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *