Джеки Чан Kaspi.kz-тің жаңа жарнамалық науқанында Жәкежанға айналды
Фото: Kaspi.kz
Джеки Чан Kaspi.kz-тің жаңа жарнамалық науқанының кейіпкері болды. Егер ол Қазақстанда тұрса, Kaspi-де оның аты Жәкежан болар еді. Ол әдеттегідей өмір сүріп, қазақстандықтарға үйреншікті Kaspi.kz сервистерін пайдаланатын еді. Алайда Джеки Чан іске кіріскенде, жай ғана жағдайдың өзі нағыз шытырман оқиғаға айналып кетуі әбден мүмкін. Жаңа науқанның алғашқы бейнеролигі 22 қыркүйекте шығады.
Жарнамалық науқан туралы идея Джеки Чан Kaspi.kz-пен танысқаннан кейін пайда болды. Компанияның басшысы әрі негізіін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе Джеки Чанға Kaspi.kz-тің сүйікті клиенттерінің бірі болуды ұсынып, оған атаулы Kaspi Gold картасын сыйға тартты. Сондай-ақ актер Қазақстанда "Құдайдың сауыты: Ультиматум" фильміне түсіп жатыр. Kaspi.kz бұл фильмнің бас серіктесі.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі әрі негізін қалаушылардың бірі:
"Джекидің сүйікті клиенттеріміздің қатарын толықтырып қана қоймай, жаңа жарнамалық науқанымыздың кейіпкері болғанына өте қуаныштымыз. Бұл оқиға клиенттерімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп үміттенеміз. Тамашалап, жақсы әсер алыңыздар!"
Жәкежанның Қазақстандағы келесі күні қалай өтетінін науқан авторлары әзірше айтпай отыр.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы — сүйікті клиенттер мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистер әзірлеу.
Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 26 миллионнан астам клиент және 1 миллионға жуық серіктес пайдаланады. Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасы төлемдерді, электрондық коммерцияны, онлайн-супермаркетті, финтехті, саяхатты, хабарландыруларды, мемлекеттік қызметтерді және күнделікті қолданылатын басқа да сервистерді біріктіреді. Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электрондық коммерция платформаларының бірі — Hepsiburada-дың иесі.
*Банк қызметі Қазақстан Республикасында лицензияланады.
Пікірлер (0)