Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты

Жаңалықтар
view 24
news

Фото: Ресми дереккөзден

Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған цифрлық құралдарды қолдану бойынша қазақстандық тәжірибе шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қызығушылығын тудырды. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының 111 байланыс орталығына Финляндия, Жапония, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің Бала құқықтары жөніндегі уәкілдері, сондай-ақ БҰҰ мен ЮНИСЕФ өкілдерінен құралған халықаралық делегация келді. Іс-шара ҚР Құрылтайының вице-спикері Динара Закиеваның шақыруымен  «Балалар үні: ұлттық стратегиялар және қауіпсіз цифрлық орта» атты ІІ Халықаралық форумы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында делегация мүшелері байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру, келіп түскен өтініштерді жедел өңдеу және балаларға көмек көрсету тетіктерімен танысты. Әсіресе, балаларға буллинг, зорлық-зомбылық фактілері және өзге де мәселелер туралы хабарлауға мүмкіндік беретін QR-арнаға ерекше назар аударылды. Аталған цифрлық шешім Қазақстанда 2024 жылдың соңында іске қосылып, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауымен еліміздегі барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.

Айта кетейік, QR-кодты сканерлеу арқылы бала арнайы чатқа өтіп, өз жағдайын баяндап, мамандардан жедел көмек ала алады. Оның ішінде психологиялық және құқықтық қолдау да қарастырылған. Егер келіп түскен ақпарат баланың өміріне, денсаулығына немесе қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын көрсетсе, мәліметтер тиісті мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарына жолданады.

2026 жылдың тоғыз айында 111 байланыс орталығына балалардан 51 мыңнан астам өтініш түскен. Оның басым бөлігі, яғни 48 мыңнан астамы QR-арна арқылы қабылданса, 3 мыңнан астамы телефон қоңыраулары арқылы тіркелген.

«111 — отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша көмек көрсететін байланыс арнасы. Байланыс орталығының қызметі 2023 жылы Мемлекеттік корпорацияға берілді. Содан бері орталық мамандары 552 мыңнан астам өтініш қабылдады. Оның 193 мыңнан астамы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *