Қосшыда танымал спортшы Мұхаммед Амантаев дауыс берді

Қосшы жаңалықтары
view 65
news

Фотосурет janabastau.kz

«АРЫСТАН» аралас жекпе-жек клубының жетекшісі, кикбоксингтен Ақмола облысының чемпионы Мұхаммед Амантаев Қосшы қаласындағы №742 сайлау учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Мұхаммед Амантаев – Nomad MMA спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионы. Сондай-ақ панкратион және IMMAF бағыттары бойынша Ақмола облысының жүлдегері.

Қазақстандық спортшы UFC ұйымының президенті Дана Уайттың бастамасымен құрылған әлемге әйгілі Power Slap лигасында да бақ сынап жүр.

2026 жылғы 8 тамызда Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында өткен NAIZA Diamond Fight Night халықаралық турнирінде жеңіске жетіп, ел мерейін үстем еткен болатын.

Спорттағы табандылығы мен қайсарлығымен танылған Мұхаммед Амантаев бұл жолы да азаматтық белсенділік танытып, Құрылтай сайлауына қатысты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *