Қосшының инфрақұрылымы қалай өзгеруде: атқарылған жұмыстар

Қосшы жаңалықтары
view 23
news

Фото: Ресми дереккөзден

Қосшы қаласында қаланың қарқынды өсуіне тікелей байланысты мәселелер шешімін тауып келеді. Атап айтқанда, жылу, сумен жабдықтау, кәріз, газ және электр желілерін дамыту жұмыстары жүргізілуде. Бірқатар ірі жобалар аяқталса, кейбір нысандар бойынша жұмыстар әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі


Қосшы қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамыту Қазақстан Президентінің қаланы дамыту жөнінде берген тапсырмаларының қатарында. Бұл тек жаңа желілерді тарту ғана емес, сонымен қатар алдағы жылдары қаланы қажетті ресурстармен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы қуаттарды кеңейтуді де қамтиды.
Негізгі мәселелердің бірі - жылумен қамту. Қазіргі уақытта қуаттылығы 160 Гкал қазандық пен жылу желілерін реконструкциялау жобалары әзірленуде. Бұл ретте бірінші кезеңді биыл аяқтау жоспарланып отыр. Келесі жылыту маусымына дейін орталық қазандыққа қуаттылығы 45 Гкал болатын қазандық қосылуы тиіс. Ол қазіргі жылу тапшылығын жабуға мүмкіндік береді.
Келесі кезеңде қолданыстағы үш қазандықты ауыстыру жоспарлануда. Бұл Қосшыда тұрғын үй құрылысының одан әрі өсуін ескере отырып, қосымша қуат қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сумен жабдықтау жүйесі де қосымша қуатқа ие болды. Қалада су құбыры желілерін салудың төртінші кезеңі аясында шамамен 64 шақырым құбыр тартылды. Нысан өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.
Сонымен қатар кәріз жүйесіне қатысты мәселе де шешіліп жатыр. 2025 жылғы мамырда жаңа кәріздік тазарту құрылыстары кешенінің жобасы әзірленді. Алайда Қосшының жаңа бас жоспары бекітілгеннен кейін нысанның орналасатын жерін өзгерту туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта жеке инвестордың қатысуымен тәулігіне 20 мың текше метрге дейін су тазартатын жаңа кешен жобалануда. Жоба бойынша сараптаманы биыл аяқтау жоспарланып отыр.
Жеке жоба орталық кәріз коллекторы мен орамішілік желілерге қатысты. Қазіргі уақытта құжаттар мемлекеттік сараптамаға қайта жолдануда. Негізгі кәріз желілерінің диаметрін 300 миллиметрден 1000 миллиметрге дейін ұлғайту көзделген. Бұл жүйеге түсетін жүктемені азайтып, қаланың шығыс бөлігіндегі кәріздік сорғы станцияларының санын қысқартуға мүмкіндік береді.
Қосшыны газдандыру жұмыстары да соңғы кезеңге жетті. Қалада шамамен 409 шақырым газ желісі салынды. Бірінші іске қосу кешені 2025 жылғы қыркүйекте, ал екіншісі 2026 жылғы шілдеде пайдалануға берілді. Жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды.
Электр желілерін дамыту жұмыстары да жалғасуда. «Лесная Поляна» тұрғын алабында қажетті электрмен жабдықтау желілері салынып, жоба аяқталды. Тағы бір жоба аясында төртінші кезең бойынша шамамен 200 шақырым желі салу көзделген. Қазіргі уақытта шамамен 600 тірек орнатылып, трансформаторлық қосалқы станцияларға арналған жабдықтар дайындалуда. Жұмыстардың негізгі бөлігі 2026 жылға жоспарланған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *