Тарихты танып, тұлғаны терең түсінген тағылымды кездесу

Қосшы жаңалықтары
view 39
news

Фото: Ресми дереккөзден

Қосшы жастары «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясының сценаристімен кездесті.

5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқының тілдері күніне орай Қосшы қаласында тағылымды кездесу өтті. Жастардың басын қосқан шараға «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясының сценаристерінің бірі, жазушы Ұларбек Нұрғалымұлы қатысты.

Кездесу барысында қаламгер телехикая сценарийінің жазылу тарихы, Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын экран арқылы жеткізудегі шығармашылық ізденістер және тарихи деректерді көркем шығармаға айналдырудың ерекшеліктері туралы әңгімеледі.

Жазушы ұлт ұстазының өмір жолы мен ел үшін атқарған еңбегін сөз ете отырып, тарихи тұлғаны танудың маңыздылығына тоқталды. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қаламгермен еркін пікір алмасты.

Кездесуге қатысушылардың бірі өз әсерімен бөлісті:

«Бұл кездесу мен үшін ерекше әсерлі болды. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбегін телехикая арқылы ғана емес, оның артындағы шығармашылық ізденістер арқылы да тереңірек түсінуге мүмкіндік алдым. Ұлт ұстазының қазақ тілі мен ұлты үшін атқарған еңбегі әрбір жасқа үлгі болуы керек деп ойлаймын. Осындай кездесулер тарихымызды танып, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға жол ашады», – деді кездесу қатысушысы.

Тағылымды басқосу жастардың тарихи санасын қалыптастырып, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ана тіліне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың ұлттық мұраны терең танып, ел тарихына құрметпен қарауына ықпал етеді.

Ахметова Бірғаным- Қосшы ЖРО маманы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *