Қосшыда 27 мыңнан астам ереже бұзу дерегі тіркелді

Қосшы жаңалықтары
view 63
news

Фотосурет ашық дереккөзен

Қосшы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 1,5 мың бейнебақылау камерасы бар Жедел басқару орталығы ашылған болатын, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Орталық ашылған сәттен бастап жол ережесін бұзған 27 мыңнан астам адам анықталды. Ереже бұзғаны үшін айыппұл 430 млн теңге болды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов айтты.

Жаңа ЖБО «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамаларын «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіре отырып, ЖИ көмегімен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жолдардың жай-күйін бағалауға және коммуналдық проблемаларды тіркеуге мүмкіндік береді. Осыған ұқсас орталықтар Көкшетау, Степногорск және Щучье қалаларында жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ облыстың басқа да аудандарына кеңінен таратылып жатыр.

Сонымен қатар Көкшетауда «Сұңқар» АБК серпінді жобасы іске асырылды. Ол мемлекеттік нөмірлерді танып, деректерді «Цифрлық қадағалау» жүйесіне береді. Одан бөлек облыс орталығы елімізде алғашқылардың бірі болып жедел жәрдем көліктері мен маршруттық автобустарға заңбұзушылықтарды тіркейтін мобильді кешендер орнатты. Бұл іздеуде жүрген көліктер мен құқығынан айырылған жүргізушілерді жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *