Алаяқтар жасанды интеллектіні жиі пайдаланады: қалай алданбауға болады?

Жаңалықтар
view 31
news

Фото

Жасанды интеллектінің дамуы алаяқтарға адамдарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануға мүмкіндік беріп отыр. Олар адамның дауысын және бейнесін қолдан жасап, банк, мемлекеттік орган немесе жақын туыстарының атынан жалған хабарламалар мен бейнежазбалар таратуы мүмкін.

Алаяқтықтың қандай түрлерінен сақ болу керек?

• Жақын адамның дауысын қолдан жасау. Туысыңыздың атынан қоңырау шалып, шұғыл түрде ақша аударуды сұрауы мүмкін.

• Жалған инвестициялық ұсыныстар. Танымал тұлғалардың бейнесін пайдаланып, жоғары табысқа уәде беретін жалған жобаларды жарнамалайды.

• Банк қызметкері болып хабарласу. Шотыңыздағы қаражатқа қауіп төніп тұрғанын айтып, SMS-кодты немесе банк деректерін сұрайды.

• Басшының атынан жалған тапсырма беру. Қызметкерлерден шұғыл ақша аударуды немесе құпия ақпаратты жіберуді талап етеді.

Өзіңізді қалай қорғауға болады?

1. Қоңырау шалушының кім екенін басқа байланыс арнасы арқылы тексеріңіз.
2. Асығыс шешім қабылдамаңыз және қысымға берілмеңіз.
3. Құпиясөздерді, PIN-кодтар мен SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге айтпаңыз.
4. Инвестициялық ұсыныстардың заңдылығын ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз.
5. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз.

Есте сақтаңыз! Таныс адамның дауысы немесе шынайы көрінетін бейне оның жеке басын растауға жеткіліксіз. Кез келген қаржылық операцияны жасамас бұрын ақпараттың дұрыстығына көз жеткізіңіз.

Егер алаяқтардың арбауына түсіп қалсаңыз, дереу банкке хабарласып, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Қаржылық қауіпсіздік – өз қолыңызда! Сақ болыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *