Куәгер сотта Боқаевтың жедел жәрдем мен деректі фильм түсіру ақысын төлегені туралы сөздерінің шындыққа жанаспайтынын дәлелдеді

Жаңалықтар
view 22
news

Фото

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойыншаөткен сот отырысында куәгер ретінде «We Can» ЖШС директоры Жұлдыз Артықбаева жауап берді. Ол өз сөзін қаржылық құжаттармен және төлем түбіртектерімен растады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі .

Жауап алу барысында оның компаниясыхалықаралық автошеруді ұйымдастыру бойыншабарлық жұмысты өз күшімен атқарғаны белгіліболды. Ал шын мәнінде ешқандай жұмысатқармаған екінші компанияның ондаған миллион теңге алғаны анықталды (Боқаевтың жиенінің атынарәсімделген «BM Trust» ЖШС).

 Артықбаева өз компаниясының қалай құрылғанытуралы да айтып берді. «We Can» ЖШС құрылғанғадейін Артықбаева «BM Trust» компаниясындақызметкер ретінде тіркелген. Оны бұл компанияғажұмысқа орналастырған – Боқаевтың өзі. Алайдаол компанияның кеңсесінде бірде-бір рет болмаған. Ал 150 мың теңге көлеміндегі жалақысын Боқаевоған қолма-қол төлеп отырған. Кейін «We Can» ЖШС-ін тіркейтін мекенжайды да Боқаевтың өзіберген. Ол Артықбаеваға арнайы агенттік құрудытапсырып, оның мақсаты «ҚазТрансГаз» компаниясының тендерлеріне қатысу екенінтүсіндірген. Автошеру бойынша орындалғанжұмыстар актісін де ең соңында АртықбаеваБоқаевтың жеке өзіне апарып табыстаған.

 Артықбаеваның айтуынша, Қорғастан Ақтөбегедейінгі автошеруді ұйымдастыру үшін оның «WeCan» ЖШС-мен 38 миллион теңгеге келісімшартжасалған. Оның есебінше, бұл қаражат барлықшығынды өтеуге әбден жеткілікті болған. Прокурор куәгерге «BM Trust» ЖШС-мен 40 миллион теңгеден астам сомаға жасалған екіншікелісімшартты көрсеткен кезде Артықбаева бұлқұжатты алғаш рет көріп тұрғанын мәлімдеді. Автошерудің ұйымдастырған деп көрсетілгенМадияр Қалменовтің компаниясымен жасалғанқатарлас келісімшарттың бар екенін ол білмеген. Куәгер барлық ақша аударымдары мен түбіртектерді ұсына отырып, Қазақстанаумағындағы автошеруді басынан аяғына дейін«We Can» ЖШС ұйымдастырғанын толық дәлелдепшықты.

 Ол өңірлік менеджерлерді өзі жалдаған, қонақүйлердің, тамақтанудың және кейтерингқызметтерінің ақысын төлеген (тіпті қағаз сүлгілергедейін есепке алған), автошеруге қатысқан барлықкөлікті жуып, жанармай құю шығындарын дакөтерген. Жапсырмалардың дизайнын өзі әзірлеп, қатысушыларға арналған киім-кешектің (күртеше, шалбар, футболка, кепка, тіпті кроссовкаға дейін) барлығын тапсырыспен тіктіріп, ақысын өзі төлеген.

 Сондай-ақ, Артықбаева қажетті аппаратураныжалға алған, аудармашылар жалдаған, су мен темекіге дейін толық қамтамасыз етіп, РесейденАлматыға техниканы қайтару шығындарын өтеген. Бұған қоса, қатысушылардың аты жазылғанағаштар отырғызу жөніндегі экологиялық акцияныда толық ұйымдастырған. Жоба аяқталғаннан кейін ол өз қаражатынаАстанада «ҚазТрансГаз» басшылығына арнапалғыс ретінде дастарқан да ұйымдастырған. Іс-шараны мінсіз өткізгені үшін оған Ресей мен Қытайдан келген қатысушылардың өзі жеке алғысбілдірген.

 Куәгер барлық шығынды өз қаражатынан өтепотырғанына ерекше тоқталып, тіпті автошеругеқатысушыларға, соның ішінде Боқаевтың жиенінеде виза алу үшін консулдық алымдарға дейінтөлегенін айтты. Артықбаеваның айтуынша, Мадияр Қалменов пен Жанболат Маратов автошерудіңұйымдастырушылары емес, оның қатысушыларыболған. Оның үстіне, «BM Trust» компаниясыныңсметасында көрсетілген іс-шаралардың жартысынАртықбаеваның өзі «We Can» ЖШС арқылыөткізген, ал қалған жартысы мүлде жүзегеасырылмаған. Сот отырысында Боқаевтың бұған дейінгімәлімдемелеріне тікелей қайшы келетін екі жайтқаерекше назар аударылды: 

– Бұған дейін Боқаев «BM Trust» жедел жәрдемкөліктерін жалдауға қомақты қаражат жұмсағанынмәлімдеген болатын. Артықбаева бұл уәждіқұжаттармен жоққа шығарды: жедел жәрдемқызметін тек өзі ғана жалдап, оның ақысын да өзітөлеген.

– Бұған дейін Боқаев қолма-қол ақшағаайналдырылған 12,3 миллион теңгені автошерутуралы деректі фильм түсіру үшін өзге мердігер – Жармұхамед Сұлтановтан алғанын алға тартқан. Алайда Артықбаева үзілді-кесілді ешқандай деректіфильмнің түсірілмегенін мәлімдеді. Оныңайтуынша, ол тек үш қысқа бейнероликке тапсырысберіп, ақысын төлеген. Артықбаеваның сөзінше, «BM Trust» компаниясыжалған келісімшарт бойынша 47 миллион теңгеалғанына қарамастан, Мадияр Қалменовавтошеруді ұйымдастыруға мүлде көмектеспегенжәне бір де бір тиын шығармаған. Оның үстіне, Артықбаева өз компаниясыныңбюджетінен қазақстандық автошерудің Қытайаумағындағы шығындары үшін «We Can» ЖШС директоры Қалменовке миллион теңгеден сәласатын ақшаны қайтаруға мәжбүр болған. Атапайтқанда, ол ақшаны Қалменовтің банк картасынааударған. Ол жобаның Ресей аумағындағы бөлігіне, яғни қазақстандық делегацияның тұруына кеткеншығындарды да дәл осылай өтеген. Бұл жолы олақшаны Боқаевтың бұрынғы бағынышты қызметкеріЖанболат Маратовқа жіберген. Бұған дейінМаратов Боқаевтың нұсқауымен «BM Trust» компаниясын Қалменовтің атына қайта рәсімдеген. Бұл ақшаны да ол Боқаевтың тікелей нұсқауыменаударып отырған. Ал куәгердің өзі «BM Trust» компаниясынан бір тиын да алмаған.

Автошеруді ұйымдастырудан бөлек, АртықбаеваБоқаевтың өзге де қаржылық схемаларынәшкереледі. Бұл схемаларда ол ақшааударымдарын өткізуге арналған делдал ретіндепайдаланылған. Боқаев одан өзінің «Art romance» жиһазкомпаниясына тиесілі төлемдерді жеке банк картасына қабылдауды сұраған. ОсылайшаАртықбаеваның картасына 9 миллион теңгеденастам қаражат түскен. Ол бұл ақшаны сол күнінемесе келесі күні қолма-қол ақшаға айналдырып, Боқаевқа табыстап отырған.

 «ҚазТрансГаз» басшысының бұрынғы кеңесшісініңтікелей нұсқауымен Артықбаева Боқаевтыңанасына тиесілі «Kun-Arai» компаниясына әлдебірақпараттық стендтер үшін деген желеумен ақшааударып отырған. Бұдан бөлек, автошеру аяқталғаннан кейін Боқаевоған «BM Trust» шотынан 1,5 миллион теңгеаударып, бұл қаражатты қолма-қол ақшағаайналдыруды өтінген. Артықбаева оның өтінішінорындап, ақшаны өзіне қолма-қол берген. Куәгер келісімшартқа қол қойған кезде ешқандайсметаны көрмегенін растады. Ол миллиондағантеңгелік жобаны толығымен өз бетінше жүзегеасырып, күтпеген шығындарды да өз қалтасынанөтеген. Ал екінші компания дәл осындай көлемдегібюджетті ешқандай нақты жұмыс атқармай-ақигерген. Артықбаеваның айғақтары Боқаевтыңадвокаттарына ауыр болғаны соншалық оларбірден сұрақ қоюға дайын болмай, судьядан үзіліссұрауға мәжбүр болды. Мәжбүрлі үзілістен кейін Боқаевтың адвокаттарыәбден абдырап қалғаны байқалды. Артықбаеваұсынған құжаттар мен нақты деректер қорғаустратегиясын толығымен жоққа шығарғанынтүсінген адвокаттар салмақты уәж келтіре алмады. Оның орнына мардымсыз сұрақтар қоюменшектелді. Тіпті куәгерден Шымкенттегімейрамханалардың бірінде жұмыс істегенадминистратордың есімін есіне түсіруді шындапталап етуге дейін барды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *