Ақмола облысында Құрылтай депутаттарымен Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдерітұрғындармен кездесті

Жаңалықтар
view 28
news

Фото: Ресми дереккөзден

Бүгін Ақмола облысында ҚазақстанРеспубликасы Құрылтайының депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері жәнебірқатар министрлік өкілдерінің қатысуыментұрғындармен кездесулер өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі

Жұмыс сапарының құрамында ҚазақстанРеспубликасы Құрылтайының депутаты Асхат Рахимжанов, Қазақстан Халық Кеңесініңмүшесі Бағдат Рахметуллина, сондай-ақЭнергетика вице-министрі Ерлан Ақбаровболды.

Кездесулер барысында ҚазақстанПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың«Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзектіміндеттері» атты Жолдауының негізгібағыттарын түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Жұмыс сапары аясында делегация Ш. Уәлиханов атындағы университеттіңоқытушыларымен және студенттерімен, сондай-ақ «Тыныс» және «Новопэк» кәсіпорындарының еңбек ұжымдарыменкездесті. Зеренді ауданында диалог білім жәнемәдениет саласының өкілдерімен жалғасты. Атап айтқанда, аудандық өнер мектебініңұжымымен және Мәлік Ғабдуллин атындағымектеп-гимназияның педагогтерімен жүздесуөтті.

Кездесулерде елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттыру, еңбек нарығындамыту және тұрақты экономикалық өсімдіқамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«2027 жылды Жалпыұлттық үлкен құрылысжылы деп жариялау – әрбір өңірді қамтитынжәне азаматтардың өмір сүру сапасыментікелей байланысты ауқымды бастама. Бұлбастаманың Ақмола облысы үшін де практикалық маңызы зор. Әр ауданның өзіндікинфрақұрылымдық қажеттіліктері бар. Сондықтан құрылыс жоспарларынқалыптастыру кезінде тұрғындардың нақтысұраныстары ескерілуі қажет. Сонымен қатаржаңа нысандар салумен ғана шектелмей, құрылыс сапасына, жобаларды белгіленгенмерзімде жүзеге асыруға жәнеинфрақұрылымды одан әрі күтіп ұстауға да баса мән беру маңызды», – деді Құрылтайдепутаты Асхат Рахимжанов.

Кездесулер Қосшы қаласында да жалғасынтапты. Құрылтай депутаттары, ҚазақстанХалық Кеңесінің және Үкіметтің өкілдеріқалалық мектеп-гимназияға, «Виамедис» емханасына және қоғамдық мәдени-спорт кешеніне барып, педагогтермен, медицина қызметкерлерімен және қала тұрғындарыменжүздесті. Кездесу барысында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік саясат жәнеэкономикалық даму мәселелері сөз болды.

Құрылтай депутаты Шолпан Каринованыңайтуынша, мұндай кездесулердің бастымақсаты – Жолдаудың негізгі бағыттарынтүсіндірумен қатар, азаматтардың пікірінтыңдау және қоғаммен ашық диалог орнату.

«Бүгінгі кездесудің мақсаты – Жолдаудыңнегізгі бағыттарын түсіндіру ғана емес, азаматтардың пікірін тыңдап, қоғаммен ашықдиалог орнату. Өйткені кез келген бастаманыңтабысты жүзеге асуы – ортақ жауапкершілікпен бірліктің нәтижесі», – деп атап өтті ол.

Мұндай жұмыс сапарларының маңызы – өңірдегі ахуалды жергілікті жерде зерделеп, тұрғындарды толғандырған мәселелердітыңдауға және білім беру, өнеркәсіп, медицина мен өзге де салаларда күнделікті еңбек етіпжүрген азаматтардың ұсыныс-пікірлерін білугемүмкіндік беруінде. Ал тұрғындар үшін бұл – өздерін толғандырған мәселелерді тікелейкөтеріп, оларды шешуге қатысты ұсыныстарынжеткізудің маңызды мүмкіндігі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *