Боқаевтың адвокаттарының уәждері таусылды ма? Алматыда куәгерлерден жауап алу жалғасып жатыр

Жаңалықтар
view 40
news

Фото

Алматы қаласының Алмалы аудандықсотында Санжар Боқаев пен өзге де айыпталушыларға қатысты қылмыстық ісбойынша кезекті сот отырысы басталды. Оларғаалаяқтық, қылмыстық жолмен алынған ақшанызаңдастыру, ұрлық, ағаштарды заңсыз кесу жәнекөрінеу жалған ақпарат тарату айыптарытағылған.

Бүгінгі соттың қарсаңында «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының бұрынғы қаржы жәнеэкономика жөніндегі орынбасары Даир Кушеровпен «We Can» ЖШС директоры ЖұлдызАртықбаевадан жауап алынды. Олардыңайғақтары миллиондаған теңгеге жасалғаншарттардың мән-жайына, мердігерлерді таңдаутәртібіне, жұмыстардың іс жүзінде орындалуынажәне қаражаттың кейінгі қозғалысына қатыстыболды.

Атап айтқанда, Даир Кушеров халықаралықавтошеруді қаржыландыру мәселесі кәсіподақкомитетінің тарапынан қол жинау арқылысырттай мақұлданғанын айтты, бұған қосасметалар да еш тексерілмеген. Оның сөзінше, «BM Trust» және «We Can» ЖШС-ларын тартудыБоқаевтың өзі ұсынған, ал басқа мердігерлерқарастырылмаған. Комитет мүшелері Боқаевқасенім артқанымен, компаниялардың бірінің оныңжиенінің атына рәсімделгенінен хабарсызболған.

Автошеруді ұйымдастырудың мән-жайын«We Can» ЖШС директоры Жұлдыз Артықбаеватолығырақ баяндады. Оның айтуынша, «WeCan» компаниясының құрылуына тікелей Боқаеватсалысқан. Бұған дейін ол Артықбаеваны «BM Trust» компаниясына жұмысқа орналастырған, кейін «ҚазТрансГаздың» тендерлеріне қатысуүшін жеке компания тіркеуді тапсырған. Компанияны тіркеуге қажетті мекенжайды да өзіберген. Ал шарттарды орындау жәнеорындалған жұмыстарды рәсімдеу мәселелерінАртықбаева тікелей Боқаевпен келісіп отырған.

Куәгердің мәлімдеуінше, оның компаниясыҚазақстан аумағындағы іс-шараны өткізужөніндегі міндеттемелерін 38 млн теңгелік шартаясында өз күшімен орындаған. Ол жұмсалғаншығындарды растайтын қаржылық құжаттар мен түбіртектерді сотқа ұсынған.

Сонымен қатар, куәгер Боқаевтың жиенініңатына рәсімделген «BM Trust» ЖШС-мен жасалған сомасы 40 млн теңгеден асатын екіншішарттың бар екенін бұрын білмегенін айтты. Артықбаеваның сөзінше, бұл компания іс-шараны ұйымдастыруға мүлде қатыспаған. Оның үстіне, «BM Trust» сметасында көрсетілгенкейбір шығындарды «We Can» ЖШС бұғандейін-ақ төлеп қойған.

Бұдан бөлек, Артықбаева Боқаевтың өтінішібойынша жүргізілген қаржылық операциялартуралы да мәлімдеді. Атап айтқанда, куәгердіңжеке банк картасына Боқаевтың «Art romance» жиһаз бизнесінің клиенттерінен деп айтылған 9 млн теңгеден астам қаражат түскен. Кейін ол бұлақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, Боқаевқа бергенін айтты. Сондай-ақ, Артықбаева«BM Trust» ЖШС-нен түскен 1,5 млн теңгеніқолма-қол ақшаға айналдыру және басқакомпанияның есепшотына ақша аударужағдайларын да баяндады.

Оның жауабынан кейін Боқаевтыңадвокаттары соттан үзіліс жариялауды сұрады. Біраз уақыттан соң сот отырысы қайта жалғасып, қорғау тарапы куәгерден жауап алудыжалғастырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *