Қосшыда ақ жаулықты әжелер Құрылтай сайлауына ерекше сән берді

Қосшы жаңалықтары
view 34
news

Фотосурет janabastau.kz

Қосшы қаласының «Ақ жаулықты әжелер» ансамблі Құрылтай сайлауы күні ұлттық өнер мен салт-дәстүрдің көркін көрсетіп, көпшілік назарын аударды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Жасы 63-тен 74-ке дейінгі ақ жаулықты әжелер шашу шашып, ұлттық өнердің шырайын келтірген әсем биімен сайлау учаскесіне ерекше сән берді.

Бұл – жай ғана өнер көрсетіп жүрген ансамбль емес. «Ақ жаулықты әжелер» – 2026 жылы ұршық иіруден Гиннестің рекордтар кітабына енген Қосшы қаласының өнерпаз әжелері. Ақ жаулығы – ұлттың айбыны, әр қадамы – өнегенің үлгісі. Бірі 74-те, бірі 63-те болса да, жүректеріндегі өнердің жалыны әлі де жас.

«Ақ жаулықты әжелер» – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрді кейінгі ұрпаққа жеткізіп жүрген ұлағатты өнерпаздар. Олардың әрбір өнері – ұрпаққа аманат болған асыл мұраның жарқын көрінісі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *