Қазақстан чемпиондары Құрылтай сайлауында дауыс берді
Фотосурет qosshy_media
Бодибилдингтен Қазақстан Республикасының қола жүлдегері, пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, пауэрлифтингтен спорт шеберіне үміткер Елена Матвиенко командасымен бірге Қосшы қаласындағы №747 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Елена Матвиенко – спорт саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген Қосшы қаласының белсенді тұрғындарының бірі. Ол бірнеше жылдан бері күш спортын дамытуға үлес қосып, жас спортшыларға тәжірибесімен бөлісіп келеді.
Сайлау учаскесіне Елена Матвиенкомен бірге оның командасының мүшелері де келді. Спортшылар азаматтық белсенділік танытып, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанға қатысып, өз таңдауларын жасады.
Спорттағы тәртіп, табандылық пен жауапкершілікті өмірлік ұстанымына айналдырған спортшылар үшін сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымды білдірудің бір көрінісі.
Пікірлер (0)