Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді

Жаңалықтар
view 555
news

Фото: ақпараттық ресми дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесінде алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлауға дауыс берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Тарихи Құрылтай сайлауында 145 депутаттық мандатқа «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica — барлығы 7 партиядан 545 кандидат тіркелген.

Президент барша келушілерді құттықтады және шын мәнінде бүгін – еліміз үшін тарихи күн екенін атап өтті.

– Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент дауыс берген соң отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді.

Айта кетейік, бүгін еліміздің барлық өңірінде Құрылтай депутаттарын сайлау басталды. Дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде өтеді.

Сонымен бірге, 79 сайлау учаскесі Қазақстанның 61 шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктері жанынан ашылған. Олардың ішінде Жапония мен Оңтүстік Кореядағы сайлау учаскесі Астана уақытымен сағат 03:00-де жұмысын бастап кетті.

Ең соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы еліміздің Бас консулдығы жанында ашылған сайлау учаскесі Астана уақытымен 19:00-де ашылады.

Құрылтай сайлауына қатысты барлық жаңалықпен мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар.

 

Пікірлер (6)

  • Dorris

    Hey, GG88 đang là nền tảng uy tín với giao diện hiện đại. Trò chơi đa dạng từ bắn cá, khuyến mãi hấp dẫn. Mình đang chơi ổn định, anh em đang tìm nhà cái thì đăng ký ngay nhé! GG 88

  • Lien

    Hello, nhà cái JW88 là sân chơi ổn định với giao diện hiện đại. Trò chơi phong phú từ xổ số, hỗ trợ tốt. Mình thấy ổn định, ai đang tìm nhà cái thì đăng ký ngay nhé!jw88

  • Stacy

    Kick off with us and burrow into the entire майнкрафт демо казино, https://minecraft-kazino.ru/, gallery of casino games to pick through.

  • Agueda

    Specdobavki - Your Go-To Online Shop for Health and Beauty Essentials SpecDobavki.

  • Tyree

    https://lustonfire.com/ It's a pity you don't have a donate button! I'd most certainly donate to this fantastic blog! I guess for now i'll settle for book-marking and adding your RSS feed to my Google account. I look forward to fresh updates and will talk about this site with my Facebook group. Talk soon! https://lustonfire.com/

  • Moshe

    I know this if off topic but I'm looking into starting my own blog and was curious what all is required to get setup? I'm assuming having a blog like yours would cost a pretty penny? I'm not very internet savvy so I'm not 100% sure. Any tips or advice would be greatly appreciated. Thank you https://www.fanart-central.net/user/o8decom/profile

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *