Құрылтай-2026: 4,6 млн-нан астам азамат дауыс берді

Жаңалықтар
view 30
news

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Құрылтай депутаттарын сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 4 670 816 адам таңдау жасады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік айтты деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оның мәліметінше, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынадай:

1. Астана қаласы бойынша – 35,28%.

2. Абай облысы бойынша – 38,51%.

3. Ақмола облысы бойынша – 39,57%.

4. Ақтөбе облысы бойынша – 42,53%.

5. Алматы облысы бойынша – 39,05%.

6. Атырау облысы бойынша – 35,84%.

7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 35,49%.

8. Жамбыл облысы бойынша – 35,54%.

9. Жетісу облысы бойынша – 47,29%.

10. Қарағанды облысы бойынша – 40,56%.

11. Қостанай облысы бойынша – 34,72%.

12. Қызылорда облысы бойынша – 4759%.

13. Маңғыстау облысы бойынша – 34,68%.

14. Павлодар облысы бойынша – 35,74%.

15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 38,13%.

16. Түркістан облысы бойынша – 43,14%.

17. Ұлытау облысы бойынша – 34,93%.

18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,89%.

19. Алматы қаласы бойынша – 17,87%.

20. Шымкент қаласы бойынша – 41,60%.

- Жалпы, еліміз бойынша сағат 12:00-де 4 670 816 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,05 пайызын құрады. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 14:00-де беріледі, - деді ол.

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде өтеді.


құрылтай
Фото: Kazinform

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *