Ақмола облысында Президент Жолдауындағы басым бағыттар талқыланды

Жаңалықтар
view 22
news

Фото: Ресми дереккөзден

Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениетколледжінің еңбек ұжымымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқынаЖолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Іс-шараға «Әділет» партиясының белсенділері - Ш. Уәлиханов атындағыКөкшетау университеті ректорының кеңесшісі Аманбай Сейтқасымов,мәдениет саласының көрнекті қайраткері Айгүл Сәбитова, Ақмола облысыбойынша «Аналар үйі» қоғамдық қорының жетекшісі Құралай Жұмабековажәне «Жастар Рухы» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалыныңтөрағасы Султанбек Бекешев қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты - Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған стратегиялық міндеттер мен маңызды бастамаларды кеңінентүсіндіру, олардың елдің және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуынаықпалын талқылау.

Жиында Ақмола облысына қатысты Жолдауда көтерілген мәселелергеерекше назар аударылды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ет кластерін қалыптастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Көкшетау - Петропавл автомобиль жолын кеңейту жөніндегі тапсырмасының өңір үшін маңызы атап өтілді. Аталған жобаның жүзеге асырылуы көлік-логистикалық инфрақұрылымдыжетілдіруге, өңіраралық байланысты нығайтуға және облыстыңэкономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

«Ақмола облысы - еліміздің агроөнеркәсіптік әлеуеті жоғары өңірлерініңбірі. Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен қатар, олардытерең өңдеу, заманауи технологияларды енгізу және білікті мамандардаярлау аса маңызды. Мемлекет басшысы Жолдауында айқындалғанміндеттер білім беру жүйесі мен экономиканың нақты секторы арасындағы байланысты нығайтуды талап етеді. Сондықтан еңбекнарығының сұранысына сай мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлуімізқажет», - деді Аманбай Сейтқасымов.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының 2027 жылды Жалпыұлттыққұрылыс жылы деп жариялауына байланысты әлеуметтік инфрақұрылымдыжетілдіру, жаңа білім беру, мәдениет және спорт нысандарын салу мәселелеріде талқыланды.

Өз кезегінде Айгүл Сәбитова мәдениет саласын дамыту, ұлттыққұндылықтарды дәріптеу және шығармашыл жастарды қолдау мәселелерінетоқталып, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалартуралы айтты.

«Мемлекет басшысы жариялаған Жалпыұлттық құрылыс жылыөңірлердің әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымын дамытуға жаңамүмкіндіктер ашады. Көкшетау қаласында жаңа қазақ музыкалық-драма театрының ашылуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, БурабайдағыPromenade Burabay аумағында жалпы ауданы 13 мың шаршы метргежуық көпфункционалды конгресс-орталықтың құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын 2028 жылы аяқтау жоспарланған. Мұндайауқымды жобалар өңірдің мәдени және туристік әлеуетін арттыруға, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге, шығармашыл жастардыңкәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, ауылдықжерлердегі мәдениет ошақтарын жаңғырту, жас таланттарды қолдаужәне ұлттық өнерімізді дәріптеу де маңызды міндеттердің бірі болыпқала береді», – деді Айгүл Сәбитова.

Ал Ақмола облысы бойынша «Аналар үйі» қоғамдық қорының жетекшісіҚұралай Жұмабекова отбасы институтын нығайту, ана мен баланы қорғау, көпбалалы отбасыларды қолдау және балалардың құқықтары мен мүдделерінқамтамасыз ету мәселелерін көтерді.

Алты баланы дүниеге әкеліп, 16 баланы бауырына басқан ҚұралайЖұмабекова бала тәрбиесіндегі жеке тәжірибесімен бөлісіп, отбасылыққұндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.

«Отбасы - қоғамның басты тірегі, ал бала - еліміздің болашағы. Әрбірбала мейірімге, қамқорлыққа және бақытты балалық шаққа лайық. Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген әлеуметтік міндеттердіжүзеге асыру барысында ана мен баланы қорғауға, отбасыларды қолдауғажәне қиын өмірлік жағдайға тап болған аналарға көмек көрсетуге ерекшекөңіл бөлу қажет. Әр баланың отбасында тәрбиеленіп, сапалы білімалуына және жан-жақты дамуына жағдай жасау – баршамызға ортақміндет. Өйткені берекелі отбасы - тұрақты әрі өркендеген қоғамныңнегізі», - деді Құралай Жұмабекова.

Султанбек Бекешев жастар саясатын дамыту, жас мамандарды жұмыспенқамту, олардың кәсіби әлеуетін арттыру, қоғамдық белсенділігін күшейтужәне жастардың бастамаларын қолдау мәселелеріне тоқталды.

Кездесу соңында колледждің еңбек ұжымы өздерін толғандырған сұрақтарынқойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар Мемлекетбасшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді өңір деңгейінде жүзегеасыру жолдары жөнінде пікір алмасты.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *