Ақтөбеде конституциялық реформалар аясындағы жергіліктіөкілді биліктің рөлі талқыланды

Жаңалықтар
view 33
news

Фото: Ресми дереккөзден

Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми әмбебапкітапханада «Конституциялық реформалар аясындағы жергілікті өкілдібилік: жаңа міндеттер мен даму перспективалары» тақырыбындасарапшылар отырысы өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – елімізде жүзеге асырылып жатқан саясижаңғыру үдерісі аясында жергілікті өкілді органдардың рөлін талқылау, мәслихаттардың жаңа міндеттері мен даму перспективаларынсаралау, сондай-ақ жергілікті басқару жүйесінің тиімділігін арттырумәселелері бойынша сарапшылық пікір алмасу.

Кездесуге Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, саясаттанушылар, заңгерлер, жоғары оқу орындарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдармен азаматтық қоғам институттарының мүшелері қатысты.

Талқылау барысында конституциялық реформалардың жергіліктімемлекеттік басқаруға ықпалы, мәслихаттардың өкілеттіктеріннығайту, өңірлердің мүдделерін қорғау және халық пен билікарасындағы байланысты жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Сарапшылар алдағы мәслихат депутаттарының сайлауыныңмаңызына да тоқталды. Соңғы 23 жылда алғаш рет жергілікті өкілдіоргандарға сайлау парламенттік сайлаудан бөлек, дербес саясинауқан ретінде өткізілмек. Бұл жергілікті мәселелерге басымдық беріп, тұрғындардың өз өңірінің дамуына қатысты шешімдер қабылдауғақатысу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады. 

— Конституциялық реформалар — еліміздің қоғамдық-саяси жәнемемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудағы маңызды кезең. Осы үдерісте жергілікті өкілді билік институттарының рөлі мен жауапкершілігін арттыру, олардың қызметінің тиімділігін жетілдіру, халық пен билік арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелеріерекше маңызға ие. 

Бүгінгі басқосуға қатысып отырған сарапшыларымыздың кәсібипайымдары мен ұсыныстары талқылау тақырыбын жан-жақты ашуғамүмкіндік береді деп сенеміз, — деді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбеөңірлік университетінің проректоры, тарих ғылымдарының докторыРахым Бекназаров.

Басқосуда Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, облыстық қоғамдықкеңестің төрағасы Сағынғазы Құрманалин үйлерді заңдастыру ісініңоңтайландыру керектігін, депутаттар бұл мәселеге жіті мән берсе, түрлі астыртын әрекеттердің жолы кесілетінін атап өтті. Ал Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің оқытушысыСайпулла Сапанов мәслихаттар депутаттарын сайлау қарсаңында осы кездесудің маңызы ерекше екенін айта келе, еліміздің батысөңірлерінен жиналған сарапшылар кеңесінің отырысын Ақтөбедеөткізуді дәстүрге айналдыруды ұсынды. Сол сияқты Қ.Жұбановатындағы Ақтөбе өңірлік университеті құқықтану кафедрасыныңмеңгерушісі, PhD доктор Айнұр Нурутдинова, М.Оспанов атындағыБатыс Қазақстан медицина университетінің доценті, философия ғылымдарының докторы Айнұр Жанғалиева, «Ақтөбе облысыныңүкіметтік емес ұйым ассоциациясы» ұйымының жетекшісі АрманЕлдесов тақырыпқа қатысты ой-пікірін ортаға салды. 

Сонымен қатар, бір палаталы Құрылтай жағдайында мәслихаттардыңөңірлік мүдделерді білдірудегі рөлі, жергілікті бюджет қаражатыныңтиімді жұмсалуына бақылауды күшейту, мемлекеттік органдардыңхалық алдындағы есептілігін арттыру мәселелері сөз болды. Жиында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жергіліктідеңгейде жүзеге асыру, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігінарттыру және жастардың өкілді билік жұмысына қатысу мүмкіндіктеріжөнінде де пікір алмасты.

Талқылауға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетініңБасқарма төрағасы – ректоры Гүлзат Көбенова, ақын, ҚазақстанЖазушылар одағының мүшесі Бижан Қалмағанбетов, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы Ақтөбе облыстықфилиалының төрағасы Раукен Отыншин және «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе қалалық филиалыныңтөрағасы Ахат Мырзалин де белсенді қатысты. Олар конституциялықреформалар жағдайында жергілікті өкілді органдардың рөлін арттыру, өңірлік мүдделерді қорғау, азаматтық қоғамның қатысуын кеңейтумәселелері бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесу қорытындысында жергілікті өкілді биліктің тиімділігін арттыру, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды нығайту жәнеөңірлік басқару жүйесін жетілдіру бағытында бірқатар ұсыныс пен пікірайтылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *