Технологиялық бәсеке күшейіп келеді
Фото
Бүгінде әлем елдері арасында технологиялық бәсеке күшейіп келеді. Мемлекеттің қуаты табиғи байлығымен ғана емес, ғылымыныңдамуымен, жаңа технологияларды игеруімен және білікті мамандарымен де өлшенеді. Оған көршіміз Қытайдың даму жолымысал бола алады. Қытай бүгінгі күннің қажеттілігімен шектелмей, алдағы ондаған жылды ойлап, ғылымға, білімге және жоғарытехнологиялық өндіріске қомақты қаражат бөліп отыр.
Мәселен, Қытайдың Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы ел ғылыми зерттеулер мен жаңа технологияларды әзірлеуге 3,93 трлн юань жұмсаған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,2 пайызғакөп. Ал жоғары технологиялық өңдеу өнеркәсібіндегі қосылған құн 9,4 пайызға өскен.
Қытай алдағы бес жылда да ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаражаттыжыл сайын кемінде 7 пайызға арттыруды жоспарлап отыр. Ел өзтехнологияларын дамытуға, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізугежәне білікті мамандар даярлауға басымдық беріп келеді.
Бұдан нені аңғаруға болады? Қытай бүгін салған инвестициясыныңнәтижесін ондаған жылдан кейін де көруді көздейді.
Ал ТМД кеңістігіндегі кейбір елдерде шағын жобалардың өзін үлкенжетістік ретінде көрсетіп, арзан пиарға айналдыру үрдісі әлі декездеседі. Әрине, жаңа ғимараттар салу, қалаларды көркейту, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру қажет. Бірақ кез келген жобаның құндылығы оның ашылу салтанатыменнемесе қаншалықты кеңінен насихатталғанымен өлшенбеуі керек.
Мысалы, жаңа университет ашылды делік. Ең маңыздысы оныңғимараты емес, сол жерде қандай мамандар даярланып, қандайғылыми жаңалықтар ашылатыны. Сол сияқты жаңа зауыттыңашылуынан бөлек, оның қандай өнім өндіретіні, қанша адамдыжұмыспен қамтитыны және ел экономикасына қандай пайда әкелетінімаңызды.
Кейде бүгінгі жетістігімізді көрсетуге көп көңіл бөліп, оның ертеңгінәтижесін назардан тыс қалдырып жатамыз. Ал кез келген жобанықолға алмас бұрын оның келешек ұрпаққа қандай пайда әкелетінін де ойлауымыз қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл мәселеге үнеміназар аударып келеді. Президент елдің болашағы ғылым мен білімге, озық технологияларға және азаматтардың кәсіби біліктілігіне тікелейбайланысты екенін айтып жүр.
2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекетбасшысы кейінгі буынға дамыған, өркениетті және жаңарған мемлекетқалдырудың маңызына тоқталды. Расында, кейінгі ұрпаққа тек табиғи байлық пен жинақталғанқаражатты қалдыру жеткіліксіз. Оларға сапалы білім алуға, еңбекетуге, жаңа технологиялар жасауға және өз қабілетін жүзеге асыруғамүмкіндік беретін мемлекет қалдыру маңызды.
Қазақстанда осы бағытта бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Шетелдікбеделді университеттермен ынтымақтастық кеңейіп, жасандыинтеллектіні дамытуға, ғылымды қолдауға және экономиканыцифрландыруға басымдық берілуде.
Ендігі міндет бастамалардың нақты нәтижесін көру. Қазақстандықғалымдардың жаңалықтары өндіріске енгізіліп, елімізде жаңатехнологиялар әзірленіп, отандық кәсіпорындар әлемдік нарықтабәсекеге қабілетті болуы қажет.
Болашақ ұрпақты ойлау тек биліктің міндеті емес. Мұндайжауапкершілік әрбір азаматтың санасында қалыптасуы керек. Мемлекеттік қызметкер де, кәсіпкер де, ғалым да бүгін атқарып жатқанжұмысының он немесе жиырма жылдан кейін қандай нәтиже беретінінойлағаны жөн.
Бүгін ғылымға бөлінген қаражаттың, сапалы білім алған баланыңнемесе өндіріске енгізілген жаңа технологияның игілігін ертең біздіңбалаларымыз көреді.
Қытайдың тәжірибесінен алатын маңызды сабақтың бірі де – осы. Бүгінгі қажеттілікті өтей отырып, болашақтың негізін қалау.
Қазақстанда да ондаған жылға жоспар құрып, қабылданғаншешімдердің келешек ұрпаққа тигізер пайдасын ойлайтын сана қалыптасуы қажет. Өйткені келер ұрпақ бізден қанша нысанашқанымызды емес, қандай мемлекет қалдырғанымызды бағалайды.
Пікірлер (0)