Боқаев сәтті бейнеролик түсіру үшін гранит тақталарды сатып алуға екі рет ақша төлегенін мойындады

Жаңалықтар
view 41
news

Фото

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевтан жауапалу жалғасып жатыр. Бұл жолы сөз гранит тақталарды ұрлау, «Баум» тоғайындағы ағаштарды кесу және көрінеу жалған ақпарат таратуэпизодтары туралы болды. Айыпталушы сапалы бейнеролик түсірумақсатында тақталарды қайта сатып алуды өзі қаржыландырғанынмойындап, оны ұйымдастыру бойынша жауапкершілікті Бақытжан есімдібелгісіз адамға жүктеуге тырысқанын айтты.

Боқаев гранит тақталарды сатып алу екі рет те өзінің қаражаты есебіненжүргізілгенін растады. Оның айтуынша, алғашқы әрекеттің нәтижесібейнетүсірілім сапасының төмен болуына байланысты көңілінен шықпаған. Сондықтан ол қайтадан ақша бөліп, «әшкерелеуге» бағытталғанбейнероликке қажетті кадрларға қол жеткізу үшін екінші рет тақталардысатып алу жұмысына өзі де қатысқан. Ол бұл әрекетін қоғамдық бақылаумақсатымен түсіндірді.

Сонымен қатар ол алғашқы бейнежазбаны алғаннан кейін не себептіполицияға жүгінбегенін нақты түсіндіре алмады. Тек бейнежазбада арнайытехниканың түрін анықтау мүмкін болмағанын алға тартты. Боқаевдемонтаждалған тақталардың нақты санын да атай алмады, тек олардыңбірнеше мың дана болғанын шамалап айтты.

Гранит тақталарды сатып алуды ұйымдастыруға және Баум тоғайындағыағаштарды кесуге қатысты жауапкершілікті Боқаев Бақытжан дептаныстырған әлдебір адамға жүктеді. Оның айтуынша, бұл адаммен олешқашан жеке кездеспеген және кейін онымен байланыс үзілген.

Алайда бұл нұсқа іс материалдарында бұрын зерттелген деректерге қайшыкеледі. Ағаштарды кесуді орындаған Ақылбек Хамракулов жауап алукезінде Бақытжан деген адамның Боқаевтың өзі екенін айтқан. Бұданбөлек, сотта Боқаев пен Хамракулов алмасқан хаттар да зерттелген. Ондаақша беру туралы хабарламалар және алғашқы бейнетүсірілімніңсапасына қатысты наразылықтар тіркелген.

Сондай-ақ, Боқаевтың Хамракуловтың адвокаты Д. Ахметовпен жазысқанхаттары да қаралған. Бұл хат-хабарда Боқаев адвокаттан Хамракуловқаүндемеуін жеткізуді сұраған.

Жалған ақпарат таратуға, жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу және«Атакент» аумағын абаттандыру туралы бейнероликтерге қатыстыэпизодтар бойынша Боқаев бұқаралық ақпарат құралдарындағыжарияланымдар мен үшінші тұлғалардың материалдарына сүйенгенінайтты.

Осылайша, ол ақпаратты жарияламас бұрын оның дұрыстығынтексермегенін іс жүзінде мойындады. Айыпталушы «Атакент» аумағындамемлекеттік меншік нысандарының бар екенін тек сотқа дейінгі тергеубарысында ғана білгенін мәлімдеді. Оның үстіне, кешеннің нақты қай бөлігімемлекет меншігіне тиесілі екенін әлі күнге дейін білмейтінін айтты.

Бұған дейін Боқаевтан алаяқтық жасау және қылмыстық жолмен алынғанқаражатты заңдастыру эпизодтары бойынша жауап алынған болатын. Солкезде ол BM Trust компаниясын іс жүзінде өзі басқарғанын, компанияныңмөрі өзінің кабинетінде сақталғанын және қаражатты қолма-қол ақшағаайналдыру жөнінде тапсырмалар бергенін мойындаған.

Бұдан бөлек, ағаштарды кесу эпизоды бойынша жәбірленуші тарапмедиациядан бас тартқаннан кейін Боқаев адвокаттары келтірілгензалалды өтеу үшін «Медеу Парк» мекемесінен төлем шотын сұратқан. Ал бір күн бұрын олар «ҚазТрансГаз» кәсіподағымен медиациялық келісімгекелу жөнінде келіссөздер жүргізу үшін уақыт беруді өтінген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *