«Барлық құпия ерте ме, кеш пе ашылады»: Боқаевтың ісі бойынша жарыссөзде прокурор сөз сөйледі
Фото
Алматыда Санжар Боқаев пен басқа да фигуранттарға қатысты сот процесінің қорытынды кезеңінде мемлекеттік айыптаушы ЖәнібекМамытов жарыссөзде сөз сөйледі. Ол айыптау тарапының ұстанымынбаяндап, айыпталушының әрекеттерін «екіжүзділік пен қоғамдық сананыманипуляциялау» деп сипаттады.
Прокурордың айтуынша, сот тергеуі аяқталды, енді сот анықталғанфактілерге құқықтық баға беруі тиіс. «Барлық құпия ерте ме, кеш пеашылады. Бұл залда ешкімді дабыралы сөздері үшін немесежазылушылар санына қарап соттап жатқан жоқ. Мұнда нақты қылмыстартуралы сөз болып отыр», – деді Мамытов.
Прокурор айыптаудың бірінші бөлігіндегі негізгі себепті жеке басынбайытуға ұмтылу деп атады. Мемлекеттік айыптаушы Боқаевтың 2015 жылдың өзінде-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры ҚайратШәріпбаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалғанына ерекше назараударды. Сонымен қатар, ол іс жүзінде өз бетінше әрекет етіп, шешімдерін «ҚазТрансГаздың» жаңа басшысы Сүлейменовпенкеліспеген. Мұны соңғысы сот отырысы барысында тікелей растады. Боқаевтың іс-қимылындағы еркіндігі айтарлықтай кең болған және олкомпанияның жаңа басшылығымен өз әрекеттерін келісуді қажет депсанамаған.
«ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының кеңесшісі қызметін атқарғанБоқаев компанияның кәсіподақ арқылы түрлі іс-шаралардықаржыландыру тетігін зерттеп, осы мақсатта өз бақылауындағы «BM Trust» ЖШС-ін пайдаланған. Алғашында компания Ж. Маратовтың атынатіркеліп, кейін айыпталушы Қалменовтің атына қайта рәсімделген.Нәтижесінде 2018 жылы халықаралық автошеруді ұйымдастыруғабөлінген 42 млн теңгеден астам қаражат жымқырылған. Айыптаутарапының нұсқасы бойынша, бұл ақша Боқаевтың «Art Romance» жиһазбизнесін дамытуға жұмсалған.
Прокурор «ар-ұжданмен өмір сүруге» шақырған Боқаевтың өзініңжеке парақшасында жариялаған жиһаз брендіне қатысты жарнамасынерекше екіжүзділік деп бағалады. Оның айтуынша, кәсіподақ қаражатыжауапсыз мердігерлерге емес, жұмысшыларға тиесілі.
Қорғау тарапының қатынастардың азаматтық-құқықтық сипаттаболғаны және қаражат кәсіподақтың меншігі болмағаны туралы уәждерінпрокурор жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары жоққашығаратынын айтты. Сонымен қатар ол компания басшылығы тарапынанқаражаттың жұмсалуына тиісті бақылау болмағанын атап өтті.
Мамытовтың айтуынша, айыптаудың екінші бөлігі басқа мақсаттантуындайды: Боқаевтың өзін «ақиқат үшін күресетін тұлға» ретіндекөрсетуге ұмтылуы. Айыптау нұсқасы бойынша, Боқаев шынайыоқиғаларды іздеудің орнына, қиын жолдың орнына оңайын тауып, режиссер болып, оларды өзі ұйымдастырған. Бейнеролик түсіру үшінжағалаудағы құрылыс алаңынан гранит тақталардың ұрлығын және Баумтоғайында түн ішінде 16 ағашты кесуді ұйымдастырған. Кейін оқиғаорнына камерамен келіп, белгісіз құқық бұзушыларды іздеп жүргендейкейіп танытқан.
«Бір ғана бейнеролик үшін жайқалған ағаштар жойылды», – дедіпрокурор. Оның сөзінше, мемлекеттік сатып алу деректері бұрмаланыпкөрсетілген бейнероликтер (он жаяу жүргіншілер өткелін жөндеу, «Атакентті» жаңғырту) жүздеген мың қаралым жинап, мыңдаған ашулыпікірге себеп болған. Алайда прокурордың пікірінше, олардың негізінде«әдейі таратылған жалған ақпарат» жатқан. Мамытов қорғау тарапыныңБоқаев ізгі ниетпен қателесті деген уәжін қабылдамады. Оның айтуынша, Боқаев мемлекеттік құрылымдарда ұзақ жылдар жұмыс істеген және«мемлекеттік сатып алу порталының қалай жұмыс істейтінін жақсытүсінеді».
«Боқаевтың өзі ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте жұмысістеген, әкімдік құрылымдарында да, квазимемлекеттік секторда да басшылық лауазымдарды атқарған. Сондай-ақ, ол ұзақ уақыт бойы «НұрОтан» партиясының идеологтарының бірі болған. Ол мемлекеттік сатыпалу порталының жұмыс істеу алгоритмін жақсы біледі. Мұндай тәжірибесібар адам аталған мәселелердің қыр-сырын жетік меңгерген», – деп атапөтті прокурор.
Мамытовтың сөзінше, сарапшылар мынадай қорытындыға келген: Боқаевтың бейнероликтері мемлекеттік институттарға деген сенімдітөмендетеді. Айыптау тарапының мәлімдеуінше, мұның салдарынанқаланың үш мекемесіне зиян келтірілген.
«Мойындау керек, Боқаев ақпаратты көпшілікке ұсынудың шебері. Оның бейнежазбалары мыңдаған қаралым жинап, қоғамда өзі көздегендүрбелеңді туғызды. Соның салдарынан азаматтардың бір бөлігі осы уақытқа дейін оның қолдан құрастырған бейнероликтерін шындық депқабылдайды», – деп мәлімдеді Мамытов.
Прокурор қылмыстық схемада әр қатысушының рөлі нақтыбөлінгенін алға тартты. Оның айтуынша, негізгі ұйымдастырушы – Боқаев, ал Қалменов пен оператор Нүсіпқожа аңғал көмекшілер емес, өзәрекеттерінің мәнін түсінген қатысушылар болған. Сонымен қатарМамытовтың сөзінше, Нүсіпқожа өз кінәсін мойындап, өкінген және сотқаістің мән-жайын анықтауға көмектескен.
Қорғау тарапының негізгі уәждерінің бірі болған Хамракуловтыңайғақтарын прокурор сенімсіз деп бағалады. Оның айтуынша, Хамракулов өз ұстанымын үш рет өзгерткен. Сонымен қатар Боқаев оныңадвокатының ақысын төлеп, одан «үндемеуді» сұраған.
«Плиталарды ұрлау және ағаштарды кесу оқиғалары кезіндеБоқаевтың Хамракуловқа бірнеше рет ақша аударғанын ескерсек, Хамракуловтың айғақтары әуел бастан-ақ күмән тудырады. Басқашаайтқанда, Хамракулов та Боқаевтың өзі сияқты өтірікші әрі манипулятор деуге болады», – деді мемлекеттік айыптаушы.
Прокурор қорғау тарапы психологиялық-филологиялықсараптаманың қорытындыларына күмән келтіруге тырысқанын да атапөтті. Алайда қорғау тарапының өзі шақырған саясаттанушы сарапшы ісжүзінде мемлекеттік айыптау нұсқасын растаған.
Сөзінің соңында Мамытов сын айту мен сөз бостандығына тыйымсалынбағанын, алайда «блогер мәртебесі мен қолдағы камера ешкімгеөзін заңнан жоғары қою құқығын бермейтінін» баса айтты.
Одан кейін айыптау тарапының екінші өкілі, прокурор ЖаңылЖұмабаева сөз алып, іс фигуранттарының кінәсін дәлелдейтін айғақтарғатолығырақ тоқталды.
Пікірлер (0)