Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Жаңалықтар
35
Фото: Ақорда
Қазақстан Президентін әуежайдан Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды. Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысу үшін «Аваза» кешеніне барды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов күтіп алды.
t.me/aqorda_resmi
Пікірлер (0)