Астана маңында жоғалған әйелдің денесі табылды
Жаңалықтар
1412
Сурет: жеке мұрағатынан
Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында 3 қаңтар күні 42 жастағы Баян Алтынбекова жоғалып кеткен еді. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды SMARTNEWS.KZ-ке сілтеме жасап.
Әйел 3 қаңтарда шамамен 5:30-да үйден шығып, қайтып оралмаған. Ол ақ тон, қара көйлек, қара етік киген. Әйелді туыстары, еріктілер, жергілікті тұрғындар іздеді.
Өкінішке қарай Баян Алтынбекова 4 қаңтарда өлі табылды. Іздеу аяқталды, Баянның денесі табылды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, иманды болсын. Жібек жолы кентінің тұрғындарына ерекше алғыс білдіреміз, - деп жазылған еріктілердің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Баян Алтынбекованың неден қайтыс болғанын полиция анықтайтын болады.
Пікірлер (0)