Астанада мас адам балалар дәмханасын қиратып, кіреберісіне дәрет сындырған (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 90
news

Фотосурет: gov.kz

5 қазан, жексенбі күні Астанада мас адам балаларға арналған дәмханада есікті бұзбақ болып, ақырында айналасын қиратып, масқара жағдайға қалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Балаларға арналған аэрохоккейді сындырды, электр қалқанын жұлып тастады, есікті бүлдірді. Ең соңында ең жиіркенішті әрекет жасады. Залал мөлшері 300 мың теңгеден асады, – деп жазды дәмхана иесі Иван Дулин әлеуметтік желіде.

Ол әлеуметтік желі арқылы барша жұртқа үндеу жасап, нысандағы барлық нәрсені қиратып, кіреберістің дәл алдына дәрет сындырған вандалды табуға көмектесуді сұрады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *