Ахмет Байтұрсынұлының 1927 жылы Қазанда түскен суреті табылды

Жаңалықтар
view 75
news

Фотосурет: дереккөз

Белгілі Алаш қайраткері Қошке Кемеңгерұлының ұрпағы, ғалым Қайырбек Кемеңгер Facebook-тегі парақшасына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының татар зиялыларымен Қазан қаласында түскен фотосуретін жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Көрнекті қайраткер Татарстан астанасына 1927 жылдың күз айында араб жазуын реформалау жөніндегі комиссия мүшесі ретінде барған екен. Құнды жәдігер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы аясында жүргізілген ізденіс кезінде табылды, - деп жазды автор.

Оның айтуынша, Қазандағы музей қызметкері Гүлназ Жиһангирова сурет табылған кезде тың ақпарат берген. Енді осы тарихи сурет туралы мақаланы «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі нөмірінен оқуға болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *