Балкондағы өртті өрмелеп шығып сөндірген жігіттің ерлігі талқыға түсті

Жаңалықтар
view 183
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Алматы тұрғынының ерлігі туралы видео кеңінен тарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпараттық агенттігі. 

Желіде талқыға түскен жігіт тұрғын үй кешенінің төртінші қабатына өрмелеп шығып, өрт сөндірушілер келгенше "балкондағы" жалынды сөндіріп үлгерген, деп хабарлайды 

Куәгерлер түсірген видеоны Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі жариялады.

ТЖМ мәліметінше, 2025 жылғы 4 маусым күні кешке төртінші қабаттағы пәтердің балконында қоқыс өртенген.

Өрттің жалпы аумағы шамамен 1 м² болды, – деп нақтылады мамандар.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше, жалынды көшеден өтіп бара жатқан сөндіріп үлгерген.

1992 жылы туған азамат Ахметов А.Т. батылдық танытып, балконға көтеріліп, жанып жатқан қоқысты жерге лақтырып жіберді. Оның батыл әрекетінің арқасында өрттің таралуына және ауыр зардаптарға жол берілмеді, – делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты өз пікірлерін жазып жатыр. Бірі батыл жігіттің әрекетіне таңданысын әрі ризашылығын білдірсе, енді бірі өміріне қауіп төндіргеніне алаңдаушылық танытты. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *