Британ ғалымы әлемнің «әділ» картасын ұсынды: Ресей Африкадан әлдеқайда кіші
Фото ашық дереккөз
Біздің көзімізге үйреншікті географиялық картада Ресей ең үлкен аумақты алып жатқандай көрінеді. Алайда, шынайы өлшемдерге назар аударсақ, Африка (30 млн км²) Ресейден (17 млн км²) әлдеқайда үлкен. Бірақ неге біз оны керісінше қабылдаймыз?
Бұл Меркатор проекциясының әсері. Бұл карта алғашында теңізшілерге арналғандықтан, онда меридиандар түзу сызықтар ретінде көрсетілген. Мұның салдарынан солтүстік аймақтар, соның ішінде Ресей, картада тым үлкейтіліп бейнеленеді.
Британдық ғалым Нейл Кай әлемнің «әділ» картасын жасап, континенттердің нақты өлшемдерін түзетті. Ол Ggplot бағдарламасын пайдаланып, материктердің шынайы пропорцияларын есептеп шығарды.
Жаңа картада Солтүстік жартышар елдерінің бізге үйреншікті бейнесінен өзгеше екенін байқауға болады. Дегенмен, Ресейдің аумағы Антарктида мен АҚШ-тан әлі де үлкен болып қалды.
Бұл зерттеу классикалық карталардағы бұрмалаулардың бар екенін және мектеп бағдарламаларында мұндай географиялық ерекшеліктерді көбірек түсіндіру қажеттігін көрсетеді.
Пікірлер (0)