Декларация тапсырмаған қазақстандықтардың есепшоттары бұғатталады

Жаңалықтар
view 176
news

Фото: Александр Мамаев \ РИА URA.RU

Қаржы министрлігі декларация тапсырмаған қазақстандықтарға ескерту жасады, – деп хабарлайды  janabastau.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайы болып табылатын 2 млн-нан астам жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00-нысан) (бұдан әрі - Декларация) ұсынды.

Декларацияны тапсыру мерзімі 2024 жылғы 16 қыркүйекте аяқталды.

Декларацияны ұсынбаған салық төлеушілер бойынша салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны туралы хабарламалар жіберілді. 

Хабарламаны алған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде мұндай адамдар декларацияны ұсыну немесе түсініктеме беру арқылы бұзушылықты жоюы қажет. 

"Мұндай салық төлеушілерге банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтата тұру түріндегі шаралар қолданылады. (Салық кодексінің 118-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы). Салық төлеуші декларацияны электронды түрде салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және «E-Salyq Azamat», «eGov mobile» Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz. мобильді қосымшалары арқылы ұсына алады", - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *