Ел өміріндегі маңызды әрі жауапты қадам

Жаңалықтар
view 42
news

Фотосурет: автордан

Мұндай шешім қоғам пікірін ескеруге деген ұмтылысты айқын көрсетеді. Конституцияны тек заңдар жинағы емес, қоғам дамуының айнасы десем, артық айтқандық емес.

Уақыт өткен сайын өмір өзгереді, азаматтардың талап-тілегі артады, мемлекеттік басқару жүйесі де соған сай жетілуге тиіс. Сондықтан Негізгі заңды жаңарту орынды әрі қажет қадам ретінде қабылданады деген сенімдемін.

Референдум өткізу арқылы әр азамат ел болашағына қатысты шешім қабылдауға тікелей қатыса алады. Өз басым мұндай мүмкіндік азаматтық жауапкершілікті арттырып, қоғамдық сенімді нығайтады деп ойлаймын.

Қысқасы, 15 наурыз әр адамның таңдауына айрықша мән берілетін маңызды күн болмақ. Елдің алға жылжуы қоғамның белсенді ұстанымына тікелей байланысты.

Жанар АХМЕТОВА, Jana bastau газетінің тілшісі

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *